Атырау, 18 сәуір 23:22
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

4 007 просмотра

ТАЭКВОНДО


Харьковта халықаралық "Ukraine Open G1" рейтингілік турнирі өтті. Ұлттық құрамада атыраулық спортшылар биіктен көрініп, қоржындарына 5 алқа салды.

Айгүл Елубай алтын алқа, Нұрай Хұсайынова мен Артур Серік (кадет) күміс алқа, Айдана Еділбаева мен Алина Дәдікенова қола алқа иеленді.


ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

Калининградта спорт ардагері А.В.Батечкоға арналған  халықаралық турнир өтті.

51-55 жастағы ардагерлер санатында өнер көрсеткен ҚР Еңбек сіңірген бапкері Рашид Мусин шеберлігімен тәнті етті. Ол 76 келіге дейінгі салмақта қола алқа иеленді.


ДОЙБЫ

Қазақ соқырлар қоғамының филиалында дойбыдан облыстық турнир өтті.

1-3-орындар бойынша тиісінше: ерлер - Аманқос Әбдешов, Азат Бауыржанов, Нұрберген Дүйсембаев; әйелдер - Айнагүл Жекеева, Жұпар Сәрсекенова, Мөлдір Қажымова жүлделі орындар алды. Олардың бапкері - Е. Үсенов.


ДЖИУ-ДЖИТСУ

Қостанайда джиу-джитсу бойынша ел Кубогы өтіп, Атырау құрамасы қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 8 қола алқа салып қайтты.

Жеңіс Нұрлыбаев (56 кг дейін) пен Ақниет Ғабитұлы (69 кг дейін) Кубок иегерлері атанды.


ЗІЛТЕМІР

БЖСМ-1 мектебінің ауыр атлетика залында 2005 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында ашық чемпионат өтті.

Ерасыл Қосмырза, Олег Фофонов, Самғат Болатұлы, Орынбек Сағындықов, Темірхан Диас, Нұрғазы Мақанов, Ернар Қыдыров, Мақсат Бисенғожин, Тамерлан Қинаятов пен Ерлан Қуанышев өз салмақ санаттарында жеңімпаз атанды. Олар сәуірдің аяғында Қостанайда өтетін ел чемпионатына қатысу үшін облыстық құрама құрамына алынды. Атлеттерді бапкерлер И. Мырғамбаев, А.Убиев, А.Іргебаев дайындады.

* * * * *

Атырау БЖСМ-1 мектебінің шәкірті Никита Ефремов ауыр атлетика бойынша Қырғызстанның ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.  

Ол зілтемірді серпи көтеру бойынша 93 кг және жұлқи көтеру бойынша 114 кг нәтижеге қол жеткізді.


МУАЙ-ТАЙ

Шымкентте жастар арасында муай-тайдан ҚР Кубогы өтті. «Қайсар» спорт клубының 8 шәкірті Атыраудың намысын қорғады.

Әли Мұратов Кубок иегері болса, Жомарт Тынышқалиев, Марат Эльдар мен Мақсот Мұxамедәли күміс алқаны жеңіп алды. Қола алқа Рамиль Маратовтың еншісіне бұйырды.


КАРАТЭ

Облыстық шинкекушинкай каратэ-до федерациясының шәкірттері Оралда республикалық турнирге қатысып, 8 алқа иеленді.

Ринат Наукибаев алтын алқа, Әліби Даниярұлы мен Аңсар Қилаш күміс алқа, Абдулфарид Көпболсын, Ілияс Амангелдиев, Ислам Аманкелді, Забих Айбар және Батырхан Мұратбекұлы қола алқа алды. Спортшыларды бапкерлер Е.Цой мен Н.Кенжеболатов дайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 сәуір 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.