Атырау, 28 наурыз 16:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«"Самұрық-Қазына" Қоры активтері шетелде бұғаттаулы. Есімов Үкіметтен қолдау сұрады», «Қытайда туып, "Болашақпен" дүние кезген», «Қазақ терминалогиясының соры. Ғалымдардың жүйкесін тоздырған, заңгерлерді сенделткен не?».

2 792 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қытайда туып, "Болашақпен" дүние кезген» - Англияның Шеффилд қаласында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген Талғар Дәлелғазы Қазақстанның ондаған мың жасы жыл сайын АҚШ пен Еуропада білім алса, елдің дамуы жылдамдай түсер еді деп армандайды. 

«Бердімұхамедовтің журналы спорт мектебі қызметкерлеріне қымбатқа түсті» -  Ашхабадтағы спорт мектептері мен елдегі өзге спорт ұйымдарының қызметкерлері «Түркіменстан спорт» журналын сатып алу үшін 80 манаттан (шамамен 23 доллар) жинап жатыр. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

«Верный бекінісінің даулы қалдықтары» - Алматы қаласы аумағындағы Верный бекінісіне биыл 165 жыл толады. Белсенділер бекіністен қалған кейбір тарихи ғимараттар жойылып барады деп алаңдайды. Алматы қаласы мәдениет және құрылыс басқармасының өз уәжі бар.

«Оқудан қуылған студент колледжге қайта оралды» - Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге қарсы болғаны үшін колледжден шығарылған 16 жастағы Дамир Молдағұл екі аптадан кейін оқуына қайта оралды. Колледж басшылығы студентті «ҚДТ митингісіне қатысып, президентке қарсы шыққаны үшін оқудан шығарған».

INFORMBURO.KZ. «"Самұрық-Қазына" Қоры активтері шетелде бұғаттаулы. Есімов Үкіметтен қолдау сұрады» - Қай елдерде Қазақстандық өнімдер жәрмеңкесі өтіп жатыр? Қазақтар Ауғанстанда теміржол салмақ. "МАЭК – Казатомпром" ЖШС тағдыры қалай шешілмек?

«Қазақ терминалогиясының соры. Ғалымдардың жүйкесін тоздырған, заңгерлерді сенделткен не?» - Мемлекеттік тілдің бағы неге байлаулы? Термин саласындағы сорақылықтар туралы ғалымдар мен депутаттар не дейді? Қалай шешілмек?


17 сәуір 2019, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.