Атырау, 18 сәуір 17:53
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Меймандар» «алаң иелерінен» ұтылып қалды

Бейнежазба
3 492 просмотра


«Ақтөбе» футбол клубының да өз стадионы дайын емес. Сондықтан 14 сәуірде ақтөбеліктерге «Атырау» командасын Қостанайдағы «Тобыл-Аренада» қабылдауға тура келді. Бірақ бұл да біздің командаға көмектеспеді: 0:2, тағы да жеңіліс.

Алғашқы голды номиналдық алаң иелері 3-минутта соқты. Ал 45-минутта бұрыштан берілген допты сәтті пайдаланып, ұпайды екі еселеді.

Матчтан кейін «Атырау» командасының бас бапкері Виктор КУМЫКОВ:

- Алғашқы допты тез жіберіп алдық. Түзетулер енгізуге тура келді. Екінші гол стандарттық жағдайда біздің футболшының қателігінен болды. Алаңнан қуылу да жағдайды қиындатып жіберді. Бізде де жақсы мүмкіндіктер болды, өкінішке орай, біз оны пайдалана алмадық, - деді.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 сәуір 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.