Атырау, 18 сәуір 11:21
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты ретінде ант берді

1 375 просмотра


Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Қайрат Қожамжаровтың ант беруі рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», - деді Қайрат Қожамжаров. 

Сонымен қатар Қ. Қожамжаров Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайланды. Ол Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің мүшесі болды. 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Бас прокуроры қызметін атқарған болатын. 

Айта кетейік, Парламент Сенатының жалпы отырысында Дархан Сатыбалдының депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы  шешім қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, жақында Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.  

Дереккөз: inform.kz

28 наурыз 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.