Атырау, 17 қазан 02:34
Таңертең ашық+10, күндіз +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 389.81  € 430.27  P 6.06

«АрселорМиттал Теміртау»-ға экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды

27 наурыз 15:43


Теміртау қаласының прокуратурасы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметінен экологиялық заңнаманың көптеген бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасынан.

«Соның ішінде атмосфералық ауаның ластану көзінен қалдықтар нормадан тыс шығарылған, тұрмыстық-шаруашылық ақпасулардың төгілуі және қалдықтарды тастау барысындағы экологиялық талаптардың сақталмауы, табиғатты пайдалану талаптары мен қазандықтардың технологиялық желісінің қолданылу талаптарының сақталмауы», - делінген хабарда.

Бұл ретте атап өтілгендей, тексеру нәтижесінде ҚР энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атына қадағалау актісі енгізілді, оны қарау нәтижесінде АҚ жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салына отырып, (ӘҚбК 326, 328, 331, 332, 334 баптары бойынша) әкімшілік жауапқа тартылды.

«Онымен бір мезетте сот шешімімен облыстың экология департаментінің шағымы бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,4 млрд теңге көлемінде келтірілген шығынды өндірді», - делінген хабарда.

«АрселорМиттал Теміртау» – Қазақстандағы ірі металлургиялық комбинат, оның ел нарығындағы үлесі – 38%. ArcelorMittal болат құятын концерн құрамына кіреді, ол қазақстандық комбинатты 1990 жылдардың ортасында сатып алған. Толығымен кіріктірілген қуаты жылына 5,5 млн тонна өнімді құрайтын металлургиялық өндіріс болып табылады. Компания 15 көмір шахтасы мен темір кені кеніштеріне иелік етеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

459 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей: