Атырау, 26 сәуір 01:37
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тоқаев: Биліктің негізгі міндеті - адамдардың құқығын қорғау

1 056 просмотра


Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда Түркістанға сапары кезінде елде заң үстемдік құруы керектігін айтты.

"Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың негізгі мақсаты - азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің негізгі ұстанымым айқын. Бұл - заңның үстемдігі. [Қазақстанда] заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады" деді Тоқаев.

Қазақстанның уақытша президенті әкімдердің жылына бір ұйымдастыратын есеп беру кездесуін "көзбояушылық" деп сынады. Ол "әкімдер халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керектігін" айтты. Тоқаевтың сөзінше, елде жемқорлықпен күрес күшейе түседі.

Дереккөз: azattyq.org

23 наурыз 2019, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.