Атырау, 28 наурыз 23:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Қазақстан президентінің "тарихи мүмкіндігі" және Біләш ісінің "саяси астары"», «Ресей мен Қытай: Қазақстанға қайсысының ықпалы күштірек?», «Қытайдағы қарбалас: коммунистік капитализм неге тұншықты», «Путин байлығы АҚШ-қа не үшін қажет?».

4 082 просмотра

ZAKON.KZ. «Қытайдағы қарбалас: коммунистік капитализм неге тұншықты» - Әлемнің екінші экономикасы атанған алып елде дауыл соғып жатыр. Тұтас дүниені өзінің импорттық заттарымен қамтамасыз етіп отырған Қытай экономикасы АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұра алмай, іштей үлкен дағдарысқа тап келді, деп жазады Facebook-тегі парақшасында қазақтілді сарапшы Бекболат Қаржан.  

AZATTYQ.ORG. «Қазақстан президентінің "тарихи мүмкіндігі" және Біләш ісінің "саяси астары"» - Батыс басылымдары алдағы бір жыл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үшін шешуші кезең болады деп топшылайды. Олардың пайымдауынша, Назарбаевтың алдында екі үлкен мүмкіндік тұр. Бірнеше басылым Шыңжаңдағы миллионға жуық аз ұлт өкілдері отырған лагерьлерді әлемге әшкерелеген белсенді Серікжан Біләштің Қазақстанда қамауға алынуын талқылаған.

CAMONITOR.KZ. «Ресей мен Қытай: Қазақстанға қайсысының ықпалы күштірек?» - «Қазақстанға біздің көршілеріміздің қайсысы өз әсерін көбірек тигізеді - Ресей ме әлде Қытай ма?» - деген тақырыптағы дискуссияны жалғастырамыз. Бүгін оқырмандардың назарына белгілі халықаралық сарапшы Айдар Әміребаевтың пікірін ұсынамыз.

JASQAZAQ.KZ. «Дос Көшім: Бір жылда шотланд тілін үйреніп алды» - Соңғы кездері кейбір басылымдарда қазақ тілінің мәртебесін көтеруге атсалысып, салт-дәстүрін, тарихын зерттеп, құқығын қорғауға жәрдемдескен азаматтарға қатысты сыңаржақ дүниелер пайда болды. Неге? Осы сұраққа жауапты ұлт жанашыры Дос Көшімнен сұрадық.

QAZAQTIMES.COM. «Путин байлығы АҚШ-қа не үшін қажет?» - Наурыз айының 13-і күні АҚШ Конгресінің төменгі палатасы Ресейге қатысты төрт бірдей заң жобасын қабылдады. Онда Конгресс Ресей билігін оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өлімін халықаралық дәрежеде зерттеуге шақырады және Ақ үй әкімшілігін Немцов өліміне қатысы бар адамдарға санкция салуға міндеттейді. 

ALASHAINASY.KZ. «Әлемге әйгілі құпия ұйымдар мен мафиялық топтар жайлы білгіңіз келе ме?» - Әлемдік деңгейдегі кейбір құпия ұйымдар қоғамның әр саласына күні бүгінге дейін әсер етіп келеді. Бұлар адамзаттың діни сенімі жағынан болсын, мемлекеттер ара қанды қырғын соғыста болсын, әр елдің саяси мүдде тұтастығында болсын, өз мақсаттарын іске асырып келе жатқан болуы әбден мүмкін.

«Сталиннен қаймықпаған қазақ қызы» - Қазақстанның орталық архиві Иосиф Сталинге қысқа хат жазып, ультиматум қоюға батылы жеткен ержүрек қазақ қызы Халида Маманованың өмір тарихын жариялады.

INFORMBURO.KZ. «YouTube арқылы қайтіп ақша табуға болады? Желідегі қазақша контенттер сын көтере ме?» - YouTube арқылы ақша табу осыдан он шақты жыл бұрын ешкімнің ойына кіріп шықпағаны анық. Әлбетте, оны жасаушылардан басқа. Соңғы 1-2 жылдың көлемінде қазақстандықтар бұл видеоплатформадан қалай ақша табудың алғышарттарын түсініп, жүйелі түрде жұмыс істей бастады.


18 наурыз 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.