Атырау, 19 сәуір 23:56
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Димаш The World's Best-тің жас өнерпаздарына: Моцарт пен Селин Диондай болыңдар

1 593 просмотра


Қазақ әншісі Димаш Құдайберген «The World's Best» байқауында өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қолдау білдіргендеріңіз үшін барлықтарыңызға шын жүректен алғысымды айтқым келеді. Байқаудың финалынан бас тартқаныма қарамастан, телекөрермендер арасында бірінші орыннан көрініп отырмын - оның бәрі де сіздердің арқаларыңызда болып жатыр. Мен үшін дауыс бергендердің бәрінің алдында басымды иемін. Өзімнің ірілі де ұсақ жеңісімнің бәрін де жанкүйерлеріме арнаймын. Шоудың  Лидиан Недашварам мен Данэлия Төлешова секілді жас өнерпаздары Моцарт пен Селин Диондай әйгілі болсын. Мен оларды жеңісімен құттықтаймын!», - деп жазды Димаш Құдайберген Инстаграмдағы парақшасында. 

Еске сала кетсек, әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауында мәлімдеме жасап, балаларға жол беру үшін шоудан кететінін айтқан болатын. 

Ал Данэлия Төлешова «The World's Best» байқауының ақтық кезеңіне өтпей, шоудың бас жүлдесі үндістандық жас пианиношы Лидиана Надхасварамға бұйырды.

Дереккөз: inform.kz

15 наурыз 2019, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.