Атырау, 20 сәуір 06:11
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ҰҚК капитаны және жеңгетай

3 109 просмотра


Атырау қалалық №2 соты Атырау облыстық ҰҚК департаментінің экс-капитаны, 29 жастағы Т-ға үкім шығарды. Сот тергеуі барысында еліміздің ең мықты құқық қорғау органының кіші уәкіл лауазымындағы қызметкерінің адамды пара беруге азғырып, алаяқтық қылмыстық іс-әрекеттер жасағаны анықталды.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, өткен жылдың 22 қарашасында Атырауда Полиция департаментінің қызметкерлері сауналардың бірінің клиенттеріне жезөкшелер ұсынып жүрген әкімшіні ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхат алынған болатын. Желтоқсанның ортасында әйел жұмыс орнында капитан Т-мен танысып, әлгі оның заңмен проблемалары бар екенін біліп, көмектесуге уәде береді. Сәл кейінірек полиция 500 мың теңгеге істі тоқтатуға дайын екенін айтады.

8 қаңтарда «Атырау» сауда-ойын сауық орталығының жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері ҰҚКД капитанын осы ақшаны алу кезінде ұстады.

Оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалды: ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша және 28-бабының 4-тармағы – 367-бабының 2-тармағы (Ірі мөлшерде пара беруге азғыру ) бойынша. Тергеу барысында Т. кінәсін толықтай мойындап, прокурормен іс жүргізу келісімін жасады. Осыған байланысты сот жазасы айыппұл түрінде белгіленді.

- 190-бап бойынша оған 500 АЕК (1 млн 162 мың 500 теңге) көлемінде айыппұл, 28-бабының 4-тармағы – 367-бабының 2-тармағы бойынша – параның 15 есе сомасы (7,5 млн теңге) көлемінде айыппұл тағайындалды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, «ұлттық қауіпсіздік капитаны» шенінен айырылды», - деп хабарлады №2 қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Фархат ӘБІЛОВ

15 наурыз 2019, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.