Атырау, 25 сәуір 12:10
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Енді Абайды қолға алады

1 944 просмотра


11 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Эни Исатай Б.В.» компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан Абай кеніші жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі.

Тараптар ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне сәйкес, тікелей келіссөздер жүргізуге және көмірсутекті шикізатты барлау мен өндіруге келісімшарт жасасуға ҚР Энергетика министрлігіне өтінім береді.

Норвегиялық «Equinor» мұнай-газ компаниясы «Абай» кен орнын игеруді алғаш бастаған болатын. Алайда, шығындардың 100%-ын Equinor өзіне алуы тиіс болған блокта геологиялық барлау жұмыстары туралы келісімге келе алмай, компания 2013 жылы жобадан шығуға шешім қабылдады.

Бір жылдан кейін жоба OVL үнді компаниясына ұсынылды, бірақ олардың тарапынан қызығушылық болмады. Тек 2017 жылы ғана «ҚазМұнайГаз» блокты бірлесіп игеру үшін стратегиялық әріптес іздеуді жалғастырды.

Абай учаскесі Бозащы түбегінің жағалауынан 60-70 км солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Ол жерде теңіз тереңдігі 8-10 метр болады. Көмірсутектердің геологиялық қорлары 337 млн тонна мұнай эквивалентіне (ТМЭ) бағаланады.

Бұл екі компанияның алғашқы бірлескен жобасы емес - 2017 жылдан бастап Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Исатай кен орнын игеруде.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

"АЖ" АНЫҚТАМАСЫ: "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы»АҚ - көмірсутегіні барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық операторы. Акциялардың 90,42%-ы - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на, 9,58%-ы – ҚР Ұлттық банкіне тиесілі. «Эни» - халықаралық энергетикалық компания, 90-жылдардан бастап Қазақстанның мұнай-газ секторына қатысып, «Эни» - Қарашығанақ кен орнының бірлескен операторы және Қашаған кен орнында мұнай өндіретін Солтүстік Каспий ӨБК бойынша консорциумының құрамына кіреді.

12 наурыз 2019, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.