Атырау, 19 сәуір 20:41
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Кіріс пен мүлік декларациясы алдындағы күдік», «Уақытша қамау изоляторынан – үйқамаққа», «Қытайға қарызын қайтара алмағандар жерін беріп жатыр...», «”Қызыл қауіп”: коммунистер ҚР саяси аренасынан кетуге тиіс пе?».

2 450 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Кіріс пен мүлік декларациясы алдындағы күдік» - 2020 жылдан бастап Қазақстан жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін жаппай жариялауға көшеді. Билік осылайша "қалтарыстағы экономикамен" күреспекші. Сарапшылар азаматтардан табысы мен меншік заты туралы ақпарат талап ететін мемлекеттің өзінде ашықтық жоқ екенін айтады.

«Уақытша қамау изоляторынан – үйқамаққа» - "Ұлтаралық араздықты қоздырды" деген күдікке ілінген "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләш 11 наурызда уақытша қамау изоляторынан шығып, үйқамаққа алынды.

QAMSHY.KZ. «Қытайға қарызын қайтара алмағандар жерін беріп жатыр...» - “Ақшасы жоқ мемлекеттер қол созып Қытайдан несие сұрайды” Бұл #sina.cn порталында жарияланған мақалада айтылады. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, Қытайдан несие алған үштікте Венесуэла көш бастап тұр. Қытай бұл елге шамамен 50 млрд АҚШ долларын беріпті. Оның көп бөлігін олар қара алтынмен қайтарғанымен, $19.3 млрд қарыз әлі мойындарында тұр. Ауылшаруашылық өндірісіне жұмсау мақсатымен $52.8 миллиардты Африка алыпты. Қытаймен “жақсы” қарым-қатынастағы Пәкістан жиі қол созып, көмек сұрайтындардың үштігінде тұр. Өткен жылы аталған елге $1 млрд несие берілген.

365INFO.KZ «Өзбекстан көрші елдерді халықаралық рейтингтерде басып озуға ниетті» - Шетелдік инвестицияларды белсенді тарту үшін халықаралық рейтингтердің «шыңына» шығу ләзім. «Даму стратегиясы» орталығының атқарушы директоры Эльдор Туляков Өзбекстан әлемнің үздік 20 елінің қатарына енуді қалай жоспарлайтынын айтады.

CAMONITOR.KZ. «”Қызыл қауіп”: коммунистер ҚР саяси аренасынан кетуге тиіс пе?» -  Қазақстандағы антикоммунистік истерия перманентті түрде талқылау қасиетіне ие. Ал кейде түтін отсыз да шығып жатады. Әрине, тарихи өткенді қайта ойластыру процесіне тән қасиет – салттық құрбандардың пайда болуы. Бірақ қазіргі заманғы коммунистерді осы рөлге тағайындау қаншалықты орынды?

EGEMEN.KZ. «Шенеуніктер неге «комфорт-аумақтан» шыққысы келмейді?» - Қоғамда шенеуніктердің бұқара халықпен жұмыс істеуіне қатысты сын көп айтылатыны жасырын емес. Әсіресе, басшылықтағы мемлекеттік қызметкердің ортақ іске емес, жеке жағдайына көбірек көңіл бөлуі тұрғындардың түсінбеушілігі мен ашу-ызасын да туғызатыны сөзсіз. 


12 наурыз 2019, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.