Атырау, 18 сәуір 10:38
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

3 103 просмотра

МУАЙ-ТАЙ


Алматыда аяқталған муай-тай бойынша ҚР Спартакиадасында Атырау құрамасы қоржындарына 5 алқа салды.

Алтын алқа - Еламан Саясатов (54 кг дейін), қола алқа - Марат Эльдар (48 кг дейін), Мыңбай Жұмабек (75 кг дейін), Азатжан Ғаббасов (81 кг дейін) және Нұрсұлтан Самиғазиев (91 кг дейін).


ХОККЕЙ

Атыраулық «Бейбарыс» командасы сырт алаңда «Теміртаумен» кездесіп, 4 жеңістен кейін хоккейден ел чемпионатының плей-оф жартылай финалына шықты.

19 ақпанда серияның үшінші матчы тартысты өтті. «Бейбарыс» үшінші кезеңнің басында гол салғанымен, соңғы минуттарда айдын иелері қарымта шайба соғып үлгерді. Дегенмен, меймандар овертаймда жеңіске жетті.

20 ақпандағы ойын жеңілдеу болды. Матч «Бейбарыстың» басымдылығымен өтіп, 5:2 есебімен аяқталды.


ТАЕКВОНДО

Мысырдың Хургада қаласында «Egypt Open G2» халықаралық турнирі өтті.

73 келіге дейінгі салмақта Атырау облысынан қатысқан Жансель Дениз финалға жетіп, жергілікті спортшыға есе жіберіп алды. Нәтижесінде күміс алқа иеленді.

* * * * *

Биыл әлем чемпионатында алтын алқа алған атыраулық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев Мысырдағы беделді халықаралық турнирге қатысты.

Турнирден күміс алқаға қол жеткізді.

* * * * *

Анталияда жасөспірімдер арасында таеквондодан «Presidents Cup G2» халықаралық турнирі өтті.

Атыраулық спортшылардан Әмір Салиханов күміс алқа, Серік Артури мен Нұрай Құсайынова қолаға ие болды.


БОКС

Түркістан облысының Арыс қаласында қыздар арасында бокстан ел чемпионаты өтті. 50 келіге дейінгі салмақта атыраулық Дильназ Бақыт финалға дейін жетіп, Шығыс Қазақстан спортшысына ұпай бойынша ұтылып қалды.

Осы салмақта Арайлым Нұрқуатова қола алқа алды. 52 келіге дейінгі салмақта Жасмин Тілепқалиева да қола жүлдегер атанды. Үшеуі де наурыз айында Ақтөбеде өтетін іріктеу турниріне қатысатын ҚР құрамасының құрамына енді. Сол жерде іріктеуден өткендер қазанда Дубайда өтетін Азия чемпионатына бару мүмкіндігін алады. Қыздарды М.Әбсенов, А. Көшенов пен К.Есқалиев жаттықтырады.

* * * * *


Шымкентте 2001-02 жылғы жастар арасында ел чемпионаты өтті. Атыраулық боксшы Аманат Сабырғали 91 келіден жоғары салмақта алтыннан алқа тақты. 

Алдын ала айналымда Түркістан, Алматы және Ақтөбедегі бәсекелестерінен басым түсіп, финалда тараздық боксшыны тізе бүктірді. Спортшыны бапкер Ерлан Сахипов дайындады.


БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ

Қазанда Бүкілресейлік ашық турнир өтіп, онда атыраулық спортшылар тамаша табыстарға қол жеткізді.

Амандық Абылай күміс жүлдегер, ал оның командалас достары Айбек Ахметов пен Майдан Батанов қола алқа иеленді.


АТУ

№2 Атырау мектебінің спорт залында Өңірлік дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен колледж оқушылары арасында пневматикалық винтовкадан атудан облыстық біріншілік өтті.

Жоғары курс оқушылары арасында Артур Новиков (сервис колледжі) пен Ақмарал Оңайбаева («Болашақ» колледжі), бірінші курс оқушылары арасында Алексей Шорохов (сервис колледжі) пен Аяжан Ғизатолла (гуманитарлық колледж) көш бастады.


СПОРТ МЕКТЕПТЕРІ

БЖСМ-1 оқу ісінің меңгерушісі Сәрсенбай Бегешев шәкірттерінің ақпан айындағы спорттық нәтижелері туралы айтып берді:

- Ақтауда жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты өтті, онда Мақсат Әбдірахман күміс жүлдегер, Айбек Құсанов қола жүлдегер атанды. Спортшыларды Б.Жұмабаев пен Қ.Табынбаев жаттықтырды.

Петропавлда Б.Қайыповтың 70 жылдығына арналған грек-рим күресінен республикалық ірі турнир өтті.

Тимур Ибрагимов пен Әли Асан (жаттықтырушы Б. Айтқалиев) қола алқа жеңіп алды.

Спорт мектебінің шәкірттері Ақтөбеден 4 алтын алқа әкелді. Онда қаланың 150 жылдығына арналған дзюдодан республикалық турнир өткен еді. Өз салмақ дәрежелері бойынша Әсел Русланова, Фархат Асылханов, Дана Әбдірова және Аяжан Хабдолла жеңімпаз атанды. Қостанайда өткен еркін күрестен П.Ф. Матюшакты еске алуға арналған халықаралық турнирде Ерсұлтан Ерболатұлы (жаттықтырушы Т.Исламғазиев) күміс жүлдегер болды.


СПОРТ ҚОҒАМЫ

«Динамо» спорт қоғамында 2018 жылдың қорытындысы жасалды. «Динамо» СҚФ облыстық филиалы төрағасының орынбасары Хайдар Есенғалиев баяндама жасады.

Наурызда динамошылар үшін бәсекелестік маусым басталды. 25 спорт мектебі мен клубтардан 300-ден астам спортшылар қатысқан қоян-қолтық ұрыс бойынша спорттық қоғамдастықтың ашық турнирі өтті. Жүлдегерлер «Динамо» футболкаларымен және алқаларымен марапатталды.

Маусым айында «Динамо» СҚФ филиалының қолдауымен Қызылқоға ауданында жеңіл атлетика бойынша жарыстар өткізілді. Әртүрлі қашықтықта жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро және диск лақтыру сайыстарына белсенді қатысушыларға футболкалар мен басқа да естелік сыйлықтар табысталды.

12 қазанда мини-футболдан «Динамо» ашық турнирі өтті. Оған 15 команда қатысып, ТЖД командасы жеңімпаз болды.

Желтоқсан айында таеквондодан дәстүрлі «Динамо» облыстық турнирі өтті. Онда өз салмақ дәрежесінде Кенжебек Абыл, Бекет Болатұлы, Абылайхан Өтебалиев, Серікқали Ержан, Сембай Нұрсұлтан, Аяулым Қайыржан, Айсұлу Рахымбергенова, Аружан Болат, Мәдина Сүйеуғали, Диана Орынғали және Анеля Бондаренко жеңімпаз болды.


КАРАТЭ

Ақтауда балалар мен жасөспірімдер арасында каратэ шито-рю бойынша ел чемпионаты өтті. Атырау облысының құрамасына «Қайсар» спорт клубының және олимпиадалық резервті дайындау орталығының шәкірттері кірді. Біздің команда 4 жүлде иеленді.

Вячеслав Хороших,  Бекзат Руслан және Жаннета Мұхитова алтын алқа, Нұрсұлтан Қалиев күміс алқа иеленді. Спортшыларды бапкерлер Айбат Рахман, Сансызбай Торғаев, Болат Ізбасқанов, Алексей Любин және Ольга Айтжанова жаттықтырды.


КИКБОКСИНГ

Бішкекте Гран-при сериясының турнирі өтті.

Атыраулық палуан Жандос Назарбеков алдын ала жекпе-жекте Белоруссиялық бәсекелесінен басым түсті. Ал финалда 1:2 есебімен төрешілердің жеке шешімімен турнир қожайындарының өкілі, Азия чемпионы Рустам Ибрагимовке жол берді.


ШАХМАТ

Ақтөбеде ашық балалар турнирі өтіп, онда атыраулық БЖСМ-1 шәкірттерінің командасы сәтті өнер көрсетті.

Әлимансұр Олжа алтын алқа, Жазира Боран мен Әлиасқар Рахымберді – күміс алқа, Зарина Сабырбайқызы, Марина Нұрғалиева мен Зухра Сәрсенби – қола алқа алды. Балаларды С.Ғайсин мен Ж.Аманов дайындады.


ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Ақмола облысының Ерементау қаласында Б.Дүйсеновтің республикалық турнир-мемориалы өтті. Атыраудан оған 6 спортшы қатысып, Медина Сарт қана қола алқа иеленді.

Мединаны ҚР бірнеше дүркін чемпионы Құрманбай Ашетов жаттықтырады.


САМБО

Минскіде Белоруссия президентінің сыйлығына халықаралық турнир өтті.

Атыраулық БЖСМ-1 (бапкер К.Досқалиев) шәкірттері Аманжан Әбу мен Қайырберді Айдынбай бұл жерде қола алқа тақты.


ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ

Астанада өрттен құтқару спорты бойынша ҚР қысқы чемпионаты өтті. Алғаш рет Атырау құрамасы жүлделі 2-орын алды, бірінші орын Шығыс Қазақстан облысының еншісінде.

Осыдан кейін ТЖД командасы Атырауда шілдеде өтетін жазғы ел чемпионатына дайындыққа кірісті.


ШАҢҒЫ СПОРТЫ


Ақтөбеде Батыстың үздік шаңғышылары анықталды. Бір қызығы (бізде қар көп болмаса да) марапат Атырау гарнизонының әскери қызметкерлерінің еншісіне бұйырды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт жөніндегі басшысы Медет ҚҰЛЫБЕКОВТІҢ айтуынша, жарыстар Ақтөбе қаласының маңындағы «Бүркіт» туристік базасында өткен. Оған үш батыс гарнизонының 60-қа жуық әскери қызметкері қатысты.

Жарыстар «Патрульдер эстафетасы» және «Патрульдер жарысы» бөлімдері бойынша өткізілді: ерлер мен әйелдер жеке-жеке сайысты. Турнирге қатысушылар 10 шақырым қашықтықты арнайы әскери шаңғыда әскери киіммен жүріп өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші жалпыкомандалық орынды атыраулық 41433 әскери бөлімшесі, екінші орынды Ақтау командасы, үшінші орынды – ақтөбеліктер иеленді. Жеңімпаздар биылғы жылдың 1-3 наурызында Щучинскіде өтетін Қарулы Күштер чемпионатына қатысатын болды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суретті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қолбасшысының баспасөз қызметі ұсынды

28 ақпан 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.