Атырау, 16 сәуір 19:29
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Өндірушілерде өндіріс көлемі қандай?

2 192 просмотра


2018 жылы Қазақстанда мұнай компаниялары 90,3 млн тонна мұнай өндірді, бұл 2017 жылға қарағанда 4,7% көп. Мұнда үш ірі жоба - ТШО, НКОК және Қарашығанақ бойынша мұнай өндіру - 53,9 млн тонна.

 ТШО

2018 жылы шикі мұнай өндіру көлемі 28,6 млн тонна (228,2 млн баррель) болды. 1,3 млн тонна сұйытылған газ, 9,2 млрд текше метр құрғақ газ және 2,5 млн тонна күкірт сатылды.

Қазіргі уақытта ТШО құрамына «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 20%, «ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc.» - 25% және «ЛукАрко» БК - 5% кіреді.

НКОК

Өткен жылы Қашағанда 13,2 млн тонна мұнай өндіріліп, 3,6 млрд текше метрден астам газ экспортталды.

Қазіргі таңда консорциум құрамына жеті энергетикалық компания кіреді: «ҚазМұнайГаз» (16%), «Эни» (16%), англо-голландиялық «Шелл» (16,81%), американдық «ExxonMobil» (16%), француздық «Тotal» (16%), қытайлық «CNPC» (8.333%) және жапондық «Inpex» (7,563%).

«ЕмбіМұнайГаз» АҚ

2 млн 895 мың 32 тонна мұнай өндірілді, бұл жоспарланған көлемнен 332 тоннаға артық. Өндірілген ілеспе газдың көлемі - 221,2 млн текше метр. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

26 ақпан 2019, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.