Телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыстар жүргізілуіне байланысты 16 ақпанда сағат 21:00-ден 13:00-ге дейін кейбір сайт уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ .
Осыған байланысты, келесі интернет ресурстары қолжетімсіз болады: - Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;
- «Электрондық Үкімет» Порталы;
- «Электрондық Үкіметтің» Төлем Шлюзі;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Шлюзі;
- «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;
- Қазақстан Республикасының Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
«Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры;
- «Ашық Үкімет» порталы;
- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;
- Сервистік бағдарламалық өнім «Монополист» базасы;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.
АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.