Атырау, 21 шілде 05:22
Таңертең ашық+32, күндіз +33
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.39  € 431.71  P 6.11

Қазақстанның дәріханаларында жүректі тоқтату қаупі бар дәрі сатылып жатыр

14 ақпан 08:13


Қазақстанның дәріханаларында адам денсаулығы үшін аса қауіпті дәрі сатылып жатыр. Бұл жайында "Эреспал" препаратын өндірушілердің өзі хабарлаған.

Аталған дәріні астма және тыныс алу жолдары дертіне шалдыққан науқастар пайдаланады. Зерттеулер көрсеткендей, "Эреспал" жүрек қызметінің жұмысына зиян келтіріп, тіпті тоқтатып тастауы да әбден мүмкін. Бұл туралы "Астана" арнасына дәрі-дәрмекті сараптау ұлттық орталығы мәлімдеді.

Айта кетсек, бұл препаратты француз дәріханаларынан тәркілеп жатыр екен. Көрші ел Ресей де сол мәселені қолға алған. Ал Қазақстанда қауіпті дәрі әлі күнге дейін сатылуда.

"Эреспалдың" қаупі туралы алғаш рет француз мамандары мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік БАҚ та жарыса жазып жатыр. Ал дәріні өндіруші - Франция елі. Ғалымдар анықтағандай, препарат жүрек ритмін бұзуы мүмкін.

"Сервье" дәрі компаниясының Қазақстандағы өкілдігі зерттеу нәтижелерін жариялады. Препараттың тіркеуші куәлігінің иесі солар болып табылады. "Осы дәрімен емделіп жүрген науқастарда жүрек ритмінің бұзылу қаупі төмен. Науқас емді тоқтатып, өз дәрігерімен кеңескені жөн, қажет болған жағдайда емдеудің балама әдісі тағайындалады", - деп атап өтті компания.

Айтпақшы, дәрі-дәрмектердің мемлекеттік реестрінде "Эреспал" препараты "қайта тіркеу" мәртебесіне ие. Демек, тәртіп бойынша оны сатуға болмайды. Дәрі-дәрмекті сараптау ұлттық орталығы бұл жайттың дәріге қатысты жаңа зерттеулерге байланысты емес екенін атап өтті.

"Бізде белгілі бір цикл бар. Тіркеу куәлігі белгілі бір мерзімге беріледі. Сол мерзім аяқталған соң, дәрі қайта тіркеуге жіберіледі. Бұл – бір-біріне қатысы жоқ жайттар", - деді ҚР денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекті сараптау ұлттық орталығының дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды фармацевтикалық қадағалау және олардың жанама әсерін бақылау орталығы басшысының орынбасары Мәлік Әбдірахманов.

Ал өндіруші компанияның ресми сайтында препаратты қолданыстан шығару мәселесі денсаулық сақтау министрлігімен бірге талқыланып жатқаны хабарланған. Қауіпті дәрі әзірге қол жетімді. Телеарна тілшілері мұны тексеріпті.

"Препарат туралы өндірушінің өзі мәлімдеме жасап отыр. Препараттың қауіптілігін растайтын деректер болған кезде, соған ұқсас басқа да дәрі-дәрмек өндірушілеріне тиісті шара қолданылады. Дәрінің аса қауіпті жанама әсері бар деп сипатталып отыр. Жүрек қызметі бұзылып, тіпті адам өліміне әкеп соғуы мүмкін", - деді Әбдірахманов.

Мамандардың дерегіне сүйенсек, "Эреспалмен" бірге Қазақстанның дәрі нарығынан құрамында фенспирид заты бар басқа да препараттар жойылуы мүмкін. Ал денсаулық сақтау министрлігі дәрілерді қолданыстан шығару туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

497 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4

Последние новости