Атырау, 28 наурыз 22:37
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​​Беларусьте жасөспірім мектепте мұғалім мен оқушыларды пышақтаған

1 662 просмотра


Беларусьте жасөспірім оқытушыға және үш оқушыға пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды РИА Новости

Беларусьтің ІІМ баспасөз өкілдерінің мәліметінше, оқиға Столбцы қаласында болған.

"8.05-те полицияға хабарлама түскен. Аудан орталығында № 2 орта мектебінде оқушы пышақпен оқытушысына және үш оқушыға жарақат салған. Нәтижесінде, оқытушы мен бір оқушы алған жарақаттан қаза тапқан. Оған қоса, екі оқушы емханаға жедел түрде жеткізілген. Күдікті 2003 жылғы жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткен. Минсктің алты ауданында "Сирена" жоспары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған мәлімдемеде.

Мектепке жедел тергеу тобы мен Минскінің облыстық ішкі істер басқармасының басшылары жөнелтілді. Қазіргі уақытта жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Екі адам қаза табуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын республиканың Тергеу комитетінің басшысы Иван Носкевич өз бақылауына алды.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 ақпан 2019, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.