Атырау, 20 сәуір 18:35
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​ЕАЭО нарығы аясында Қазақстанда бензин бағасы өспеуі тиіс - Сенат төрағасы

1 515 просмотра


Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) нарық аясында Қазақстанның ішінде жанар-жағармай бағасының өсіміне жол бермеу керектігін айтты. Бұл туралы ол Сенатта ЕАЭО-дағы Қазақстанның сауда саясатын іске асыру мәселелері туралы Үкімет сағатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Үкімет бизнес қоғамдастығы өкілдерінің назарын Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығын қалыптастыру барысында ашылатын мүмкіндіктерге аударуы қажет. Атап айтқанда, алдағы уақытта құрылатын Еуразиялық экономикалық одақтың электр энергетикалық нарығының аясында Қазақстан отандық электр энергетикасы саласының экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып отыр. 2025 жылға қарай Одақ аясында газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы қалыптасады. Осы бағытқа ерекше мән беріп қарағанымыз жөн. Біз ішкі нарықта жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағасының өсуіне жол бермеуге тиіспіз», - деп атап өтті Сенат төрағасы. 

Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО аясында қазақстандық тауарлардың транзиті мен тасымалдануын жеңілдету үшін, сондай-ақ Одақ елдеріндегі серіктестермен байланыстарды дамыту үшін Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі Цифрлық күн тәртібінің аясында цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру өте маңызды. 

«Бірыңғай цифрлық кеңістікті дамыту шаралары экономикалық тұрғыдан нақты нәтижелер беруі тиіс. Осы тұста Еуразиялық электрондық еңбек биржасын құру жөніндегі Қазақстанның маңызды бастамасын атап өту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: inform.kz

8 ақпан 2019, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.