Атырау, 29 наурыз 03:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бауырымыз Әбділда Мұқашев туралы бір ауыз сөз

3 550 просмотра


Ол кетті... Мен осындай қысқа басқа сөзді айтқым келмейді, өйткені бұл оған жараспайды, біз бұған әлі көндіге қойған жоқпыз.

Мен оған журналист ретінде, басшы ретінде, кәсіби маман ретінде баға бере алмаймын. Бұл туралы осы жылдар бойына онымен үзеңгілес еңбек еткен, онымен етене араласқан, онымен дос болған жандардың баршасы айтты, әлі де айтып жатыр.

Мен Әбділда туралы бауырымыз ретінде айтқым келеді. Бауырымның қаншалықты рухы мықты жан екенін, күтпеген жерден келген дертті соншалықты қайсарлықпен қабылдағанын, бізді уайымдатпауға тырысып, көңілімізді сергітіп, денсаулығымызға көңіл бөлуімізді өтінгенін, ақыл-кеңесін бергенін айтқым келеді.  

Оның «уайымдай берме, әпке...» деген бір ауыз сөзінің өзі жүрегімді қарс айырады. Бауырымыз дертпен әу бастан соңғы сағатына дейін беріспей күресті. Осы төрт ай бойына еңсесін тік ұстап, бұрынғыша жұмысын да жасады, отбасылық шаруаларға да көңіл бөлді.  

Емін ала жүріп те, белсенді тірлігін жалғастыра берді, достарымен, туыстарымен кездесіп тұрды, телефон арқылы сағаттап сөйлесіп, әлдебір мәселелерді талқылайтын, әзілдейтін, отбасының қамын ойлап, Атырау-Алматы-Астана қалаларының арасында жүретін. Сол қаралы күні, 26 қаңтарда Әбділда қарындасының үйінде қонақтықта, ағайынның ортасында болған еді. Кейін өз үйінен, ұлдарының қолынан, күтпеген жерден ақырын ғана үнсіз кете барды. Жүрегі шыдамады...    

Оның артында әкесіне лайықты үш ұлы қалды, олар әкелерімен бірге оның өмірі үшін соңына дейін күресті. Біз үшін, бүкіл әулет үшін бұл өте үлкен қайғы, орны толмас қаза.

Қалай екенін білмеймін, бірақ осы сынаққа төтеп беруге тырысамыз, өйткені Әбділда біз үшін қайсар рухтың үлгісіндей болды. Бәлкім, оған бұл оңай болмаған да шығар...

Ең бастысы, «Ақ Жайық» құрылған 28 жыл ішінде бір де бір әріптесі туралы теріс пікір айтқанын естіген емеспін. Ол өз қателігін мойындай білетін, басқаларды да кешіре білетін жан еді.

Әбілда «Ақ Жайықта» мықты, кәсіби мамандар жұмыс жасайды деп үнемі айтып отыратын, өз ұжымын мақтан тұтып, қатты бағалайтын.

Сондықтан да, әрине, өзін соңғы сапарға «Ақ Жайық» газетінің босағасынан шығарып салғанын қалаған еді.   

Әулетіміздің атынан ең алдымен онымен бірге осы жолды, даңқты жолды жүріп өткен «Ақ Жайық» газетінің ұжымына қиын күнде бізге үлкен моралдық қолдау көрсеткені үшін, Әбділда туралы бүкіл шынайы сөздері үшін алғысымды білдіргім келеді. Әрине, ұжым да біз секілді қайғырып аза тұтуда. Олар бұл жолды енді Әбділдасыз әрі қарай жалғастыра береді деп үміттенеміз.  

Біздің қайғымызға ортақтасқан басқа басылымдардағы Әбілданың бүкіл әріптестеріне, алыс-жақын, барша оқырмандарға рахмет.

Қиын сәтте қолдау көрсеткен тума-туыстарымызға, дос-жарандарымызға ризашылығымызды білдіреміз.

Шаңырақтарыңызда тек қуаныш пен тыныштық болсын, ауырмаңыздар!

Мұқашевтар әулетінің атынан әпкесі Гүлжан 

03.02.2019 ж.

7 ақпан 2019, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.