Атырау, 29 наурыз 17:56
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазақстанның сыртқы қарызы үш жылда алғаш рет азайды - Зерттеу

2 210 просмотра


Қазақстанның сыртқы қарызы бір жылда 4 пайызға арзандап, 161,5 миллиард доллар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап. 

"2018 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы - 161,5 миллиард доллар. Ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,2 пайызға аз", - делінген зерттеуде. 


Сондай-ақ, мұндай көрсеткіштің соңғы рет 2015 жылы тіркелгені айтылады. Бұдан бөлек, Қазақстанның қай елдерге қарызы көп екені анықталды. Олардың қатарында Нидерланд (49 миллиардов доллар), Ұлыбритания (21,4 миллиард доллар), АҚШ (12,3 миллиард доллар) елдері тұр. 


Дереккөз: tengrinews.kz

1 ақпан 2019, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.