Атырау, 28 қараша 21:35
 ашық В Атырау -1
$ 423.87
€ 505.25
₽ 5.59

Зона бастығы 7 жылға сотталды

2 065 рет қаралды

Үстіміздегі жылдың 31 тамызда №2 қалалық соттың судьясы Зәуре ҚАЗАҚБАЙ ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы («Лауазымды адамның параны әлденеше рет алуы») бойынша айыпталған 157/9 түзету мекемесінің (66-зонаның) бұрынғы бастығы Бауыржан ДӘУІТӘЛИЕВКЕ шығарылған үкімді жариялады.

Б. Дәуіталиев өткен жылдың қарашасында колония бастығы қызметіне кіріскен еді. Ал 3 ай өткеннен кейін қаржы полициясына колониядағы сотталушы А-дан түзету мекемесінің басшысы өзінен қорқытып пара алып жүргендігі туралы шағым түскен. Бір айдан кейін сотталушы Н-дан да осындай шағым түседі. Кешікпей Б. Дәуітәлиевті қаржы полициясының қызметкерлері 120 мың теңге мөлшерінде пара алу кезінде ұстаған. Бұдан басқа, қылмыстық істер материалдары бойынша түрме бастығы сотталушылардың бірінен қамқорлық жасағаны үшін сыйақы ретінде түрлі-түсті теледидар алған. Алайда сот жинақталған материалдардан сотталушыларға қатысты қорқытып алу белгілерін таппады, тек пара алды деп таныды. Сот Дәуітәлиевті жалпы режимдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сотталушы сот шешімін үнсіз тыңдап, ешқандай қарсылық білдірмеді. Үкімге қатысты 15 күн ішінде жоғарғы сот инстанциясына шағым арыз беруге болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 қыркүйек 2012, 21:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.