Атырау, 20 сәуір 11:08
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Ресей мен Беларусь қарым-қатынасына сызат түсті

2 223 просмотра


Ресей мен Беларусь қарым-қатынасы мұнай бағасының өсуіне байланысты нашарлай бастады. 

Осы уақытқа дейін Беларусь Ресейден мұнай өнімдерін сатып алып, экспорттап келген. Енді Ресей өзіне қауіп болған экономикалық дағдарысты еңсеру үшін, мұнай бағасын өсіру туралы шешім шығарды. Яғни Мәскеу тарапы 2024 жылы Беларусь импорттайтын мұнайға баж салығын салатынын айтты. 

Осы мәлімдемеден кейін Минск пен Мәскеу қатынасына сызат түсе бастады. 

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко жергілікті ақпарат құралдарына сұхбат беріп: «Егер де Мәскеу қара алтын бағасын қымбаттатса, Минск ірі көлемде өтемақы талап етеді. Қазір Ресейдің жақын одақтасынан айырылу қаупі бар және осыны пайдаланып Беларусьті өзіне қосамын деп ойламасын», – деген болатын. 

Қазіргі уақытта Беларусь президенті үкіметке ресейлік шикізатқа балама іздеуді тапсырды. Сондай-ақ, Литва, Латвия сынды елдерден мұнай сатып алу мүмкіндігін қарастыруды міндеттеген. Алдағы уақытта Минск Иран, Әзірбайжан, Венесуэла сынды мемлекеттермен серіктестік орнатуы мүмкін. 

Дереккөз: "The Qazaq Times

14 қаңтар 2019, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.