Атырау, 25 сәуір 17:38
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Көш бастаған үштік

2 227 просмотра


ҚР Статистика комитеті еліміздегі ең қымбат тұрғын үйдің топ-үштігін жариялады. Бұл үштікте Астана, Алматы және Атырау қатар орналасқан. Бәлкім, бұл ресми, «оңтүстік» және «мұнай» астаналарына тән болуы керек шығар.

Ең қымбат жаңа пәтерлер – Астанада, орташа құны – бір шаршы метр үшін - 340 700 теңге. Екінші орында -  Алматы, орташа алғанда 327 400 теңге. Бұл үштіктің соңын Атырау аяқтайды: бір шаршы метр үшін 326 300 теңге.

Екінші деңгейлі тұрғын үй нарығында да осы көшбасшылар: «шаршының» орташа бағасы Астанада - 345 мың теңге, Алматыда - 344 мың теңге, Атырауда - 263 мың теңге.

- Соңғы айларда Атырауда екі бөлмелі пәтер бағаларының өсуі байқалады. Сатпаев даңғылы бойындағы екі бөлмелі пәтерлер орташа алғанда 12 млн теңгеге бағаланады. Элиталық үйлер салынып жатыр, ондағы пәтерлерге сұраныс бар, тиісінше, бағалары да өте жоғары, - деп түсіндірді жергілікті жылжымайтын мүлік агенттіктерінің бірі.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

11 қаңтар 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.