Атырау, 17 сәуір 02:58
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

​ҰҚК: Сириядан шығарылған балалардың көбісінің әкесі қаза тапқан

1 741 просмотра


Сириядан шығарылған балалардың барлығының дерлік әкесі қаза тапқан. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қайтарылған балалардың кейбіреуі Сирияда туған. Олардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарымен Сыртқы істер министрлігі мен әкімдіктер айналысады. Бұл біздің заңнамамен бекітілген және мұнда ешқандай қиындықтар жоқ. Балалардың көбісінің әкелері қайтыс болған, олар анасымен келді. Бір бала бар, оның анасы әлі де сонда, ал бала осында жалғыз", - деді Рахымбердиев Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында. 

Оның айтуынша, қайтарылған азаматтар Аста, Алматы сондай-ақ, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау обылстарының тұрғындары. Олардың барлығы 2012-2015 жылдары аралығында Сирияға барған. 

"Сирия, Ирак, Ауғанстандағы ұрыстар біренеше жылдар бойы жүріп жатыр. Ұрыс жүріп жатқан аймақтардан қайтарылған қазақстандықтардың 40 пайызы қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді ол.  

Бахытбек Рахымбердиевтың айтуынша, экстремистер үгіттеушілердің қазақстандықтарды әлеуметтік желі арқылы шақыратындары мәлімдеді. 

"Барлық елден шыққан азаматтар жайлы тергеу жүріп жатыр. Үгіттеушілер Қазақстанда болмауы да мүмкін. Әлеуметтік желілерде үгіттеу материалдары жарияланады. Қазақстан шекарасынан шығу үшін ешқандай делдалдық қажеті жоқ, кез келген мемлекетке билет алып шығуға болады. Әрине Сирияға оңайлықпен жетпейсің, бірақ Мысыр және Түркия сынды мемлекеттер арқылы өтуге болады. Жол ақысы да қымбат емес, олар жетер жеріне жеткен уақытта лаңкестер оларды өз қарамағына алады. Бірақ мұнда қаражат мәселесі айтылмайды. Оларға жұмақ өмірді уәде еткендері, коттеджердің барлығы қиял болып шығады", - деді ҰҚК өкілі.  

Сонымен қатар, оның айтуынша. шетелдік үгіттеушілермен жұмыс барлық деңгейде жүріп жатыр.  

"Өткен жылы біз басқа да мемлекеттік органдармен, бірінші кезекте Шекара қызметі, ішкі істер органдарымен елге кірмекші болған және ел ішінде жүрген радикалды ағымдарға қатысы бар 58 шетелдік азаматты ұстап, депортацияладық. Бұл әр елдің өкілдері, терроризмнің ұлты жоқ", - деді ол.  

Сириядан қайтарылған жеті қазақстандық терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінді Еске салайық, 5-6 қаңтарда Сирияда қазақстандықтарды құтқару операциясына "Жусан" аты берілді. Ақорда баспасөз қызметі құтқару шарасы туралы деректі видеоролик ұсынды. Әскерилер мен құтқарушылар 5 қаңтарда Ақтаудан ұшып шықты. Ұшақта гуманитарлық көмек, алғашқы қажетті заттар, тамақтану жиынтықтары салынған пакеттер болды.  

47 қазақстандық Сириядан қайтарылды: Назарбаев үндеу жасады Эвакуация орнына қазақстандық күштер 5 қаңтарда 15:45-те жетті. Видеода балалар үшін қолайлы ұшу шаралары жасалғаны көрсетілген, оларды тамақтандырып, кітаптар мен ойыншықтар берді. Кейбір ер адамдарды ұшаққа көзін жауып кіргізді. Қазақстандықтар отырған борт Ақтауға 6 қаңтарда түнгі сағат екі шамасында қонды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

10 қаңтар 2019, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.