Атырау, 19 сәуір 23:30
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Назарбаев 20 жыл бұрын қалай сайланды?», «Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілі лагерьлерге барған», «"Нұрланған" атаулардың саны артты», «EIU: Қазақстан – кезекті мәрте “авторитарлы мемлекет”», «М.Халық: Былтыр теңге төрт мәрте құнсызданды».

2 440 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің өкілі лагерьлерге барған» - Қытай бірнеше елдің дипломаттарын Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу орталықтарына" апарып көрсеткен. Олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстанның дипломаттары да бар.

«"Нұрланған" атаулардың саны артты» - Алматы әкімдігі қаладағы 27 шағын ауданның атауын өзгертті. Енді үш ауданның аты "Нұр" деп басталады. Атауы өзгерген елдімекендердің біріндегі тұрғындардың жаңа атауға көңілі толмайды.

«Назарбаев 20 жыл бұрын қалай сайланды?» - 20 жыл бұрын Қазақстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтті, ресми деректер бойынша ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев 80 пайыздан аз дауыс жинады. Бұл Назарбаевтың сайлаушылардан алған ең аз дауысы еді. Сарапшылардың айтуынша, сол кезде билік алғаш рет өзіне ұнамсыз қарсыластардың «көзін құрту» әдісін ойлап тапты, бюллетеньге билікке тәуелді кандидаттарды қосты, ал кезектен тыс сайлау саяси дәстүрге айналды.

QAMSHY.KZ. «Қазақстандағы банктер халықтың 43%-ы ауылда тұратынын әлі білмейді» - Осыдан 10 жыл бұрынғы дағдарыс кімнің де болса есінде. 2009 жылғы қаржылық дағдарыс Қазақстанның біраз банктерін тұралатып кетті. Сол жылы елімізідің  Альянс банк, БТА банк тәрізді қаржы инститтутары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан демеу қаржы алып, Үкімет елдегі бірқатар банктердің қанатының астына алған болатын. Ондағы демеу қаржы сомасы 476 млрд теңгені құрады. 

INFORMBURO.KZ. «Мемлекет есебінен қалай жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуға болады?» - Мамандығыңыз талапқа сай болмағандықтан жұмысқа орналаса алмай жүрсеңіз, немесе жоғары, тіпті орта арнайы біліміңіз жоқ болса, мемлекеттен көмек сұрай аласыз. 

«Елдің іргесіне сызат түсіретін кез келген қауіпке қарсы тұратын иммунитетті қалыптастыруымыз қажет» - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында Қарағандыда болған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

QAZAQTIMES.COM. «Ресейдің жалдамалы әскерлері Африкада не істеп жүр?» -Ресейдің Орталық Африка Республикасында әрекеттерін жандандыра түскені әлем ақпарат құралдарының назарын аударуда. Мәліметтерге қарағанда, Ресейдің жалдамалы әскерлері Орталық Африканың екі аймағын бақылауында ұстап тұр.

«EIU: Қазақстан – кезекті мәрте “авторитарлы мемлекет”» - Қазақстан – кезекті мәрте «авторитарлы мемлекет». Ұлыбританиялық «Economist Intelligence Unit» зерттеу тобы осындай мәлімдеме жасады. 

TURKYSTAN.KZ. «Мақсат Халық: Былтыр теңге төрт мәрте құнсызданды» - Жаңа жыл табалдырықтан аттаған кезде экономикалық болжам жасау заңдылық. Өткен жылдағы қаржылық ахуалға көлеңкесін түсірген жайттар сараланып, олқылыққа жол бермеуге таптырмас мүмкіндік. Осы тұрғыда соңғы кезде ойға қонымды болжамымен танылып жүрген экономист Мақсат Халықтың пікірін білгенді жөн көрдік.

«Қара киік, қош келдің!» - Бүгінгідей – ғылым-білім жетістігі күллі ғаламшар тұрғындарына ортақ игілік болатын жағдайға жеткенше, әр халықтың дүниенің сыры мен құрылысы туралы білімі мен болжамдары әртүрлі райда көрініп, өзінше дамыды.


10 қаңтар 2019, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.