Атырау, 25 сәуір 04:02
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«2019 жылы Қазақстанда қандай сот процестері өтеді?», «Қарағандыдағы оқиғаның хроникасы және биліктің реакциясы», «Г.Ерғалиева: Ақиқатты айтқанша жолда адам өлтірген жақсырақ екен ғой»,«Айтылмаған сөз жетім», «”Мексика қабырғасы”: Трамп тығырыққа тірелді»

2 432 просмотра

AZATTYQ.ORG. «2019 жылы Қазақстанда қандай сот процестері өтеді?» - Абай ауылындағы оқиға, қазақстандықтардың жиын өткізу құқығы үшін күресі, "ҚДТ" жақтастарының ісі, Қарағандыдағы адам өлімі. Азаттық биыл болатын немесе жалғасатын ірі сот процестеріне шолуды ұсынады.

«Қарағандыдағы оқиғаның хроникасы және биліктің реакциясы» - Қарағандыда болған оқиғаға қатысты Қазақстан парламентінің депутаттары мен ішкі істер министрлігінің орынбасары не деді? Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян не айтты?

«Өзбекстанда бұрынғы бас прокурордың соты басталды» - Ташкентте Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыровқа қатысты сот басталды. Каримов тұсында ықпалды шенеуніктердің бірі болған Қадыров "бопсалау", "қызметтік өкілетін асыра пайдалану", "пара алу" баптары бойынша айыпталып отыр.

QAMSHY.KZ. «”Мексика қабырғасы”: Трамп тығырыққа тірелді» - АҚШ-та жағдай қиын болайын деп тұр. Басты мәселе - Мексикамен арадағы қабырға. Бірақ демократтар бұл қабырғаның тұрғызылуына қарсы.

«Хабиб Нұрмағамедов 26 жастағы қарағандылықтың арманын орындады» - UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов Қарағанды тұрғынының хатына жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 31 желтоқсанда Хабиб Нұрмағамедов балалардың арманын орындағысы келетінін жазған болатын.

«Гүлжан Ерғалиева: Ақиқатты айтқанша жолда адам өлтірген жақсырақ екен ғой...» - Макс Боқаевқа тағайындалған  5 жыл мен рөлде отырып алып, бірнеше адамды өлтіре салатын қылмыскерге кесілген  5 жыл салыстыруға келе ме?

«Танымал тұлғалардың қызықты әдеттері» - «Адамға тән нәрсенің бәрі маған да жат емес» деп қаба сақал Карл Маркс айтқандай, атақты адамдардың да бойында  ерсі, әдепке қайшы  деуге болатын оғаш қылықтары мен өмірлік дағдылары, өзіндік ерекше әдеттері болған.

ABAI.KZ. «Ашулы ағайынды арандатудан абай болайық!» - Қарағандыдағы қайғылы жағдайдан кейінгі жалпыхалықтық наразылықты әлеуметтік желілерден естіп-біліп отыр, жұрт. Ресми ақпарат 200-ден асады дейді. Бейресми ақпарат мыңдаған адам дейді. Әйтеуір, 2-қаңтардан бері Қарағанды халқы кісі қолынан қайтқан азаматынан жоқтап, кінәлілерді тауып, жазалауды биліктен талап етіп келеді.

INFORMBURO.KZ. «ҚР Әкімшілік кодексіне енгізілген түзетулер: түнгі соттар мен жол жүру ережелері, ізгілендіру шаралары» - Қажетке жарамағандықтан Әкімшілік кодекстен кейбір баптар алынып тасталып, олқылықтар жойылмақшы.

«Айтылмаған сөз жетім» - Соңғы бірнеше жыл ішіндегі сот үкімдерін сараптап көрсек, заң орындары бірінші кезекте жемқорлықтан, сепаратизмнен, көрші елдің арандатуынан емес, сол шындықтан қаймығатын секілді. Сондықтан болар екі күннің бірінде Фейсбук бұғатталады.


9 қаңтар 2019, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.