Атырау, 29 наурыз 18:15
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Оппозиционер халық жауы емес», «Назарбаев жайлы кино жеке басқа табынуды еске салды», «Шыңжаң қазағы: "Саяси үйрену орталығында тек қытайша сөйлеуің керек"», «Биыл Ресей билігі кімді соттайды?», «Мен ешқашан Ресей азаматы болмаймын! Ал сіз ше?».

2 842 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Шыңжаң қазағы: "Саяси үйрену орталығында тек қытайша сөйлеуің керек"» - Қытайдағы "саяси үйрену орталығында" сегіз ай болған этникалық қазақ онда көргені туралы Азаттыққа айтып берді. Шыңжаңда қалған әке-шешесінің тағдырына алаңдаған ол аты-жөнін атамауды өтінді.

«Назарбаев жайлы кино жеке басқа табынуды еске салды» - Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопеяның кезекті сериясы туралы жазған батыс басылымдары картинаны "жеке басқа табынудың" оғаш үлгісіне балайды. Бұған қоса Қазақстандағы латын әліпбиіне көшу қиындығы мен авторитарлық басқаруға үйренген билік үшін оның қанша проблема тудыратыны да талқыланған.

«Биыл Ресей билігі кімді соттайды?» - 2018 жылдың бірінші жартысында Ресейде 324 мыңнан астам адам сотталды, 726 адам ақталды. Соның ішінде ұрлық жасағаны үшін сотталғандар бәрінен көп болды, шамамен 60 мың адам жазаға тартылды.

«Азаптауға қарсы ашықтық көмегімен күреспек» - Қырғызстанда кейбір милиция бөлімшелерінде қабырғалары мөлдір материалдан жасалған, видео және аудиоға жазатын құралдармен жабдықталған жауап алатын бөлмелер пайда болды. Бөлме ішінде болған жайттар жазылған файлдар ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураға түседі.

INFORMBURO.KZ. «Айнуддин Муради: Ауған қазақтары елге қайтқысы келеді» -Айнуддин Муради – Ауғанстанның Құндыз уәлаяты Имам-Сахиб ауданының тумасы. Қарағанды политехникалық университеттің 2 курс студенті.

QAZAQTIMES.COM. «Қытай Тайваньды күшпен басып ала ма: Тайвань тақырыбындағы терең сырлар» - 2 қаңтарда Қытай басшысы Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин) Тайуан (Тайвань) тақырыбындағы мәлімдемесі әлем ақпарат кеңістігінде дүмпу туғызды. ҚХР төрағасы «Тайуандық бауырластарға үндеу хаты» жарияланғандығының 40 жылдығына орай өткізілген жиында: «Тайуан Ұлы құрлықпен (ҚХР-ның үлкен территориясы – ред.) бірігуі тиіс әрі солай болады», – деп мәлімдеген. Ол сонымен бірге, бейбіт бірігуге бар күштерін салатынын, алайда әскери қадамға барулары да мүмкін екенін айтқан.

ZHASALASH.KZ. «Мен ешқашан Ресей азаматы болмаймын! Ал сіз ше?» - Беларусьтің қоғамдық-саяси қайраткері Владимир МАЦКЕВИЧТІҢ belaruspartisan.by сайтына манифесі жарық көрді.

«Академик – карлик, профессор – плагиатор, ректор – гном» - Белгілі академик, физика-математика ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбайды жас шенеуніктердің қастығы мен жалған ғалымдардың соры толғандырып жүр екен. Сондай-ақ, академиктің сөзінше, қазақша сөйлейтін ұялы телефон тұрғанда, балабақшадағы балаға ағылшынды оқытудың қажеті  жоқ екен.

«Оппозиционер халық жауы емес» - Заң ғылымының кандидаты, конституционалист, «Конституционализм және демократия даму институты» қоғамдық қорының директоры Мереке Ғабдуәлиевтің ойынша, мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен сайлауды көздейтін заң жобасы биліктің саяси транзитке дайындығы іспетті.


8 қаңтар 2019, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.