Атырау, 24 сәуір 23:22
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Магнитогорскіде үйдің құлауынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті

2 229 просмотра


Магнитогорскідегі тұрғын үйдегі жарылыстан қаза тапқандардың саны артты. Екі күн ішінде қирандылардың астынан 14 адамның денесі табылды. Тағы 30-дан астам тұрғынның тағдыры әлі белгісіз, деп жазады «Хабар 24». 

Төтенше жағдайлар министрлігі «100-ден астам құтқарушы тартылғанымен, қирандыларды аршу жұмысы бірнеше күнге жалғасады» деп мәлімдеген. Апатты жағдайдағы үйдің қалған қабырғалары құлап кетпес үшін ауыр техникалар қолданылып жатқан жоқ.

Естеріңізге салсақ, Магнитогорскіде желтоқсанның 31-інде таңғы сағат 4-тің шамасында 9 қабатты үйде тұрмыстық газ жарылды. Салдарынан 26 пәтерлік тұтас бір подъезд опырылып ортасына түсті. Аталған пәтерлерде 46 адам тұрған. Осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжамға сәйкес, тұрмыстық газды қолдануда сақтық ережесі өрескел бұзылған.

Дереккөз: inform.kz

2 қаңтар 2019, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.