Атырау, 20 сәуір 19:33
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Трамп "көрдіңдер ме, Қазақстанның дұшпаны жоқ" деді – мемлекет басшысы

2 271 просмотра


Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті ақылдасып отырғысы келетінін мәлімдеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында АҚШ басшысы Дональд Трамптың өзінің кеңестеріне қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлады  тілшісі.

"Біз телефон арқылы тікелей хабарласуға келістік, қазір байланыс орнатылып жатыр. Ол осы аймақ мәселелерінен хабардар болып, менімен ақылдасып отырмақшы. Осы күнге дейін айтқандарымның барлығын түсінді", — деді Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында. 

Қазақстан басшысы АҚШ-қа қаңтар айындағы сапары барысында Трамппен Ресей, Украина, Сирия, Қытай және КХДР туралы сөйлескенін айтып өтті.  

"Ол осы жерде тұратын адам ретінде менің пікірімді білгісі келді. Мен өз пікірімді ашық айттым. Ол жеткізбек болған ойымды түсініп, айналасындағыларға "Көрдіңдер ме, Қазақстанның айналасында дұшпаны жоқ, барлық мемлекетпен дос деді", — деп қосты Назарбаев.

Дереккөз: sputniknews.kz

29 желтоқсан 2018, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.