Атырау, 24 сәуір 22:58
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Журналмен бірге жер алу өтініштері де жанып кетті

2 457 просмотра


«Атыраудың мыңдаған тұрғыны жер алу өтініштері тіркелген журналды жоғалтып алған шенеуніктің салақтығы салдарынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу мүмкіндігінен айрылды», - деп хабарлады кейбір республикалық сайттар. «Иә, журналдың жоғалғаны рас, бірақ мыңдаған адам емес, 229 қала тұрғынының өтініші», - деп «AЖ»-ға түсінік берді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ.

- Бұрын ауылдық округ әкімдері өздері есеп беретін аумақтан жер алғысы келгендердің өтініштерін өздері тіркейтін», - деп жалғастырды Н. Құмаров. - Содан кейін округ әкімдігінің қызметкерлері осы құжаттарды қалалық сәулет бөліміне тапсырады. Журналдардың бірі жоғалып кеткен. Қай жылы екенін білмеймін. Енді адамдар келіп, өтініштерінің түбіртегін көрсетеді. Әрине, бұл адамдарға жер беру керек. Бірақ бұл журналсыз заңсыз болады. Біз комиссия құрып, шешім қабылдайтын боламыз.

Сәл кейінірек Атырау әкімдігі осы мәселе бойынша баспасөз хабарламасын таратты: «2009 жылы Балықшы кенті әкімдігінде өрт болып, соның салдарынан 6 айдағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімінің кезегінде тұрған тұрғындардың түпнұсқа өтініштері мен есепке алу журналы өртеніп кетті. Атап айтқанда, кейбір басылымдарда көрсетілгендей, мыңдаған азаматтардың емес, 229 азаматтың құжаттары мен өтініштері өртенген, олардың барлығы - Балықшы тұрғындары. Алайда, аталған тұрғындардың электрондық кезек тізімі сақталып қалды. Осы электронды тізімге сәйкес, жер және заң бөлімдерінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, сондай-ақ ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді бақылау бөлімінің мамандары қамтылған жұмыс комиссиясы құрылады. Бұл комиссия мәселені шешумен, сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін алу кезегінде тұрған азаматтардың кезектілігін қалпына келтірумен айналысады.

1,5-2 ай ішінде 229 азаматтың кезектілік тәртібімен жер телімін алу құқығы қалпына келтіріледі.

Қазіргі уақытта 2003-2004 жылдары кезекке тұрған тұрғындар үшін жер телімдері беріліп жатқанын хабарлаймыз».

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 қараша 2018, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.