Атырау, 20 сәуір 03:00
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

2 290 просмотра

ГИМНАСТИКА

Шымкентте көркем гимнастикадан ҚР Кубогы өтті. Топтық сайыста лентамен жаттығуда атыраулық қыздар командасы 3-орынды иеленді.

Эльнара Нұршаева, Айнара Мәжит, Сягөз Сайран, Аягөз Романова және Аяжан Аралбай өнерлерімен тәнті етті. Атырау көркем гимнастика мектебінің шәкірті, қазір Астана атынан өнер көрсетіп жүрген Айдана Шәкенованың жетістігін айтып өтпеске болмайды. Ол доппен жаттығу бойынша алтын алқа жеңіп алды.

У-ШУ


Таразда Осман Мабовты еске алуға арналған ересектер арасында ушудан ҚР Кубогы және юниорлар арасында халықаралық турнир өтті. Оған қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 300-ден астам спортшы қатысты.

ҚР еңбек сіңірген бапкері Ерікқали Қойшекеновтің жетекшілігімен «Жолбарыс» спорт клубының шәкірттері Атыраудың намысын қорғады. Жекпе-жектер ушу-таолу және ушу-саньда бағдарламалары бойынша өтті. «Тайдзи» және «қысқа қару» номинацияларында Венера Тұрғанова Кубок жеңімпазы атанды. «Шаолин жұдырығы» және «Ұзын қару» номинацияларында Құдайберген Жұмабаев күміс алқаға, Руслан Өмірзақ қола алқаға қол жеткізді.

Командалық жарыстарда Аңсаған Жұмабаева, Земфира Қапанова және Гүлназ Өсербай 2-орын алды. Ересектер арасында ушу-саньда бағдарламасында күміс алқа Ринат Игіліковтің, қола алқа Манас Темірханов пен Абат Әмірхановтың еншісіне бұйырды. Юниорлар арасындағы жекпе-жекте Р. Өмірзақ тағы да ерекшеленіп, турнирдің жеңімпазы атанды, Бекзат Саинов қола алқаға қол жеткізді.

ТАЭКВОНДО

Тольяттиде 2004-2006 жж. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Жеңілмейтін держава» атты IV Халықаралық турнир өтіп, оған ҚР құрамасында атыраулық спортшылар  қатысты.

Ангелина Гапотченко күміс алқа, Эльназ Нажимова, Әсем Орынбасарова, Нұрғиса Сағадатов мен Есбол Елеусінов – қол алқалар иеленді.

БОКС

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында бокстан «Достық-Дружба Кубогы» халықаралық турнирі өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірінен, сонымен қатар, Сербиядан, Тәжікстан мен Өзбекстаннан былғары қолғап шеберлері қатысты.

Атырау олимпиадалық резервті дайындау орталығының шәкірттері қоржындарына 4 алқа салды. 52 келіге дейін - Әділхан Тлеушов, 56 кг дейін - Руслан Қайырғалиев күміс жүлдеге ие болса, 60 кг дейін – Мұстахим Бекқалиев, 75 кг дейін - Рахат Дарханов қола жүлдені місе тұтты.

МУАЙ-ТАЙ

Шымкент қаласында өткен ҚР Кубогында «Қайсар» СК шәкірттерінен құралған Атырау облысының командасы 3-орын алды. Өз салмақ дәрежелері бойынша Батырхан Мұхитов пен Шынғысхан Кенжебаев жеңімпаз атанды, Эльдар Марат, Жеңіс Дидар, Еламан Саясатов, Әлішер Мұхтаров, Бақтияр Боқаев пен Айда Хайруллина күміс жүлдегер болса, Еламан Ушекенов, Әділет Төребаев пен Темірғали Өтемісов қола алқаға қол жеткізді. Э.Марат пен Е.Саясатов тиісінше, «Жеңіске жігері үшін» және «Үздік техникасы үшін» арнайы марапаттармен марапатталды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 қараша 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.