Атырау, 20 сәуір 15:20
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Германияда болгариялық журналистің өліміне күдікті ұсталды

1 691 просмотра

Виктория Маринова, кісі қолынан қаза тапқан болгариялық журналист.
Германия полициясы болгариялық журналист әрі тележүргізуші Виктория Маринованы қинап, өлтірген деген күдіктіні ұстады.

Германия прокуратурасының 10 қазан күні хабарлауынша, күдікті Төменгі Саксония аймағының Штаде қаласында 9 қазан күні ұсталды. Қазір оны Болгарияға экстрадициялау жайы қарастырылып жатыр.

Виктория Маринованың денесі 6 қазан күні Болгарияның солтүстігіндегі Рузе қаласында парк аумағында көліктен табылған. Полиция журналисті әуелі зорлап, сосын тұншықтырып өлтіргенін анықтады.

Болгария билігі бұдан бұрын Германия полициясы журналист өлімінге күдікті ретінде Северин Красимиров деген азаматты ұстағанын хабарлаған.

Болгария ішкі істер министрі Младен Маринов Красимировтің ДНҚ-сы қылмыс болған жерден алынған ДНҚ-мен сәйкес келетінін айтқан.

Маринов бұған қоса қолда бар айғақтар Маринованың өліміне оның кәсіби қызметінің қатысы барын дәлелдей алмайтынын айтқан. Бірақ Болгария бас прокуроры Сотир Цацаров журналист өлімінің барлық ықтимал себептері тексеріліп жатқанын айтады.

Виктория Маринова соңғы кезде Еуропа Одағының (ЕО) қорынан қаржы жымқыру туралы GPGate деп аталатын дауды зерттеп жүрген. Еуропа Одағы Болгариядағы жүздеген миллион долларға инфрақұрылым нысандарын қаржыландырып, одан консалтингтік фирмалар, оның ішінде GP Group компаниясы қаржы тапқан. Бұл компанияның құжаттарын зерттеуде Еуропа Одағынан қаржының қалай жымқырылатыны белгілі болған. Маринова жүргізген зерттеулер бойынша, қаржы жымқыруға Болгарияның жоғары билігіндегі адамдардың қатысы болуы мүмкін. Іс материалдарында ресейлік "Лукойл" компаниясының Болгариядағы еншілес компаниясының басшысы Валентин Златевтің есімі аталады.

Маринов жұмыс істеген аймақтық TVN арнасы осы жанжал туралы хабарлаған жалғыз телеарна болған. Бұл тақырыппен Болгарияда Bivol журналистік зерттеулер сайты да айналысқан. Румынияда бұл зерттеу туралы RISE сайты хабарлаған.

Дереккөз: azattyq.org

10 қазан 2018, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.