Атырау, 16 сәуір 18:26
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Астрахан жолы ақындарды да толғандырды

5 301 просмотра


9 қазан күні Құрманғазы ауданының орталығында ауданның құрылғанына 90 жыл толуына арналған батыс аймақтық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Ақындар аудан тынысымен бірге, салынуы ұзаққа созылған Атырау-Астрахан жолын да жыр сүңгімен түйреп өтті.

Ақындар осы өңірде дүниеге келген Құрманғазы мен Дина, Жұмекен, Әбу, Хиуаз сынды тұлғаларды жырға қосты. Сондай-ақ, Сафон, Кудряшев секілді ауылдық округтердің әлі қазақша атауға өзгерілмегенін, бұл жерлерге ауданға еңбегі сіңген азаматтардың аты берілсе деген тілектерін білдірді.


Айтыс қорытындысы бойынша Атырау қаласынан барған Шалқарбай ІЗБАСАРОВ бірінші орынға (300 мың теңге) ие болса, Оралдан келген Талғат МЫҚИ екінші орынды (200 мың теңге), маңғыстаулық Абай ЖОЛМАҒАНБЕТОВ пен Құрманғазы ауданынан қатысқан осы жолдардың авторы (әрқайсысы 150 мың теңгеден) үшінші орынға ие болды. Додаға қатысқан басқа ақындарға 100 мың теңге сыйлық тиді.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

10 қазан 2018, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.