Атырау, 24 сәуір 08:10
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«"Жақсысын алып, жаманын қойған Құдай-ай...". Шерхан Мұртазаның шерлі сөздері», «28 млрд долларды желге ұшырған интервенция», «Қазақстан құрамасына легионерлер қажет пе?», «Заңгер: "Сайрагүлге босқын мәртебесін бермеуі – заңсыз"».

2 317 просмотра

BAQ.KZ. «Қазақстан құрамасына легионерлер қажет пе?» - Жақында ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стойлов Ұлттар лигасының қазан айындағы екі кездесуіне қатысатын құрама ойыншыларының тізімін жариялады. Арасында Қазақстанның төлқұжатын алып, құрамада ойнап жүрген 5 легионер-футболшы бар, деп хабарлайды Baq.kz тілші.

AZATTYQ.ORG. «Заңгер: "Сайрагүлге босқын мәртебесін бермеуі – заңсыз"» - Жергілікті комиссия Қытайда “қысым көрдім” деп мәлімдеген, шекараны заңсыз кесіп өткені үшін сотқа тартылған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін бермеді. Комиссия Сайрагүлдің “қуғынға ұшырағаны дәлелденбеді” дейді. Ал заңгерлер оның себебін түрліше болжайды.

«Сталин салғызған Трансполярлық магистральдан не қалды?» - 1947-1953 жылдары ГУЛАГ тұтқындары еңбек еткен, "Чум – Салехард – Игарка" бағыттары бойынша салынып бітпеген теміржол желісін қазір Трансполярлық магистраль деп атайды.

«Биліктің уәдесіне сеніп, елге оралған ағайындылар ұсталды» - Қазанның 8-і күні қылмыстық істер жөніндегі Ташкент қалалық соты ағайынды Аброл және Шухрат Досмұхаммедовтерді айыпты деп танып, алты жарым жылға соттады.

SPUTNIKNEWS.KZ «"Жақсысын алып, жаманын қойған Құдай-ай...". Шерхан Мұртазаның шерлі сөздері» -  Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза 86 жасында қайтыс болды.

INFORMBURO.KZ. «"Отызға дейін босану керек", "антибиотиктер зиян", "балаларды ауыстырып жіберу мүмкін"» -  Жүктілік және босану туралы шындықтар мен мифтер.

«28 млрд долларды желге ұшырған интервенция» - Көпшілік "біз неге теңгемізді еркін айналымға жібердік, одан басқа жол жоқ па еді" деп сұрап жатады. Осы тұста теңгемізді белгілі бір дәліздің ішінде ұстап тұру үшін сол жолы 1 жыл 8 айдың ішінде ұлттық қордан 28 млрд АҚШ доллары кеткенін біреу білсе, біреу білмейді.

«Ең төменгі 42500 теңге жалақыны кімдер алады?» -  Жаңалықтарға шолу.

«Қазақстанда кибершабуыл жиілей түсті. Киберкеңістіктің осал тұстары» -  Киберқауіпсіздік бойынша "Болашақпен" білім алуға баратын студенттер саны артқан. Бұл сұраныстың артуынан туындап отыр ма?


10 қазан 2018, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.