Атырау, 18 маусым 23:51
Таңертең ашық+32, күндіз +31
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.43  € 429.83  P 5.96

​Ыстанбұл әуежайындағы қазақстандықтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты

8 қазан 2018 16:32


ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер Ыстанбұл әуежайында қайтыс болған қазақстандыққа қатысты жаңа деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оның жұбайы Ыстанбұлға ұшып шықты. Біздің елші қолғабыс етіп, мәйітті тану шарасы өтті. Келесі күні ер адамның денесі Астанаға жіберілді. Тергеу жүріп жатыр, түрік полицейлерінен ақпарат күтеміз. Ол үйленген. Оның жұбайы оған қатысты қандай да бір мәліметті жарияламауды сұрады. Тергеу екі, үш айға созылады", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров.

СІМ өкілдерінің хабарлауынша, 27 қыркүйекте сағат 19.00-де Ыстанбұлдағы "Ататүрік" халықаралық әуежайында Қазақстанның 1981 жылы туған азаматы әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан секіріп, суицид жасаған.  

"Ол 26 қыркүйекте Түркияға ұшып келіп, бір тәулік әуежайда қонған. Оқиға болған жерге келген түрік дәрігерлері оны құтқара алмады", - деп хабарлады министрліктегілер.

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

421 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4