Атырау, 19 сәуір 05:24
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырауда жаңа жедел жәрдем станциясы ашылды

Сурет
5 221 просмотра


Атырауда Нұрсая ықшамауданында Қала күні мерекесіне орайластырып, жаңа жедел медициналық жәрдем станциясы салтанатты түрде ашылды. Қатысушыларды қала әкімінің орынбасары Полымбет ХАСАНОВ пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА құттықтады. 

Хасанов 103 пультіне мүмкіндігінше аз шақыртулардың түсуін тіледі. Бірақ, өкінішке орай, шақыртулар өте көп түседі. Сондықтан да медициналық бригадаларға түсетін ауыр жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін бұл жаңа станцияның маңызы аса зор.

Ол №19 үйдің цокольді қабатында орналасқан, барлық қажетті медициналық жабдықпен жарақталған, тіпті, қызметкерлерге арналған асхана да бар. 75 мың адамға қызмет етуге есептелген. Штатта 50 адам жұмыс жасайды, оның ішінде 32-сі фельдшер, 18-і диспетчер.

- Жаңа станцияда Нұрсаяға қызмет көрсететін және облыс орталығының жақын маңдағы ықшамаудандарына баратын  8 бригада жұмыс істейді, - деді “Атырау қаласының медициналық жедел жәрдем станциясы” КМҚК бас дәрігері Гүлнафис ТАНБАЕВА. - Енді қала тұрғындары шұғыл медициналық көмекке анағұрлым жылдам қол жеткізе алады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор 

1 қазан 2018, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.