Атырау, 28 наурыз 18:47
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ресейде зейнетақы реформасы қабылданды

1 537 просмотра


Ресей мемлекеттік Думасы пленарлы отырыста үшінші және соңғы оқылымда зейнетақы реформасы туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Ресейде зейнеткерлік жасты кезең-кезеңімен көтеру туралы үкімет ұсынған заң жобасының бірінші оқылымын парламенттің төменгі палатасы шілдеде қабылдап қойды. Бірақ министрлер кабинеті ұсынған – ер адамдар 65 жаста, әйелдер 63 жаста зейнетке шығу ұсынысы қоғамда кері пікір туғызды.

Тамыздың соңында президент Владимир Путин заң жобасының ережесін жұмсартуды тапсырды. Атап айтқанда, Путин әйелдер үшін зейнет жасы 60, көп балалы аналарға зейнетке ерте шығу, зейнет жасы алдындағы тұлғаларға көмек шарасын, оның ішінде олардың жұмыссыздығы үшін төленетін жәрдемақыны ұлғайту және зейнет алдында қызметтен қуған жұмыс берушіні жауапқа тартуды енгізуді қолдады.

26 қыркүйекте президент енгізген түзетулерді депутаттар бірауыздан қолдады. Кейін сәрсенбі күні төменгі палата зейнетақы заңнамасын өзгертуге екінші рет дауыс берді. Заң жобасын барлық 385 депутат қолдады.

Дереккөз: Baq.kz

28 қыркүйек 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.