Атырау, 25 сәуір 12:18
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Виктор Храпуновтың тұратын мекенжайы

2 230 просмотра


Алматыда Виктор Храпуновтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірақ осы істегі бас фигурант отырысқа қатысқан жоқ. Іс материалдарына қарағанда, 250 миллион доллар ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпунова қазіргі уақытта Швейцарияда Женевада тұрып жатыр. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ерлі-зайыпты мына мекенжай бойынша тұрады: Rue du Mont-Blanc 3 12 01 Geneve. Сот материалдарында осы мекенжай бойынша үшінші сотталушы Айяр Ильясов тұрып жатқаны көрсетілген. Сондай-ақ, сот материалдарына қарағанда үшеуінде де ҚР азаматтығы бар. 

Google Maps картографиялық қосымшасына сүйенсек, Rue du Mont-Blanc 3 12 01 мекенжайы қоршауға алынған аумақта  орналасқан. Картаға қарағанда, Храпуновтар Женева көлі, Руссо аралы және Монблан көпірі аумағында тұрады. Монблан көпірі 1862 жылы салынған және ол қаланың көрнекті жерлерінің бірі болып саналады. Оны көбі Женеваның ең әдемі жер деп санайды екен. 

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Лейлаға ірі көлемдіе алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

                

Дереккөз: tengrinews.kz

14 қыркүйек 2018, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.