Атырау, 23 сәуір 11:02
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

АҚШ Ресей мен Қытай IT компанияларына санкция салды

2 103 просмотра


АҚШ Қытай мен Ресейде орналасқан екі IT компанияға Пхеньянның зымыран және ядролық қару жасау бағдарламаларын қолдағаны үшін санкция салды. АҚШ Қаржы министрлігінің 13 қыркүйекте хабарлауынша, жаңа санкциялар Қытайдың Yanbian Silverstar Network Technology Co компаниясы мен оның солтүстіккореялық атқарушы директоры Чон Сон Хваға және осы компанияның Ресейдегі еншілес Volasys Silver Star фирмасына салынды.

Министрлік мәлімдемесінде қытайлық фирманың Солтүстік Кореяның биліктегі партиясының баллистикалық зымырандар бағдарламасын қадағалайтын оқ-дәрі өнеркәсібі департаментімен байланысты екені айтылады.

Ведомство Volasys Silver Star-ды қытайлық фирманың Солтүстік Кореядағы қызметкерлері "штаттан тыс жұмыс орнын айғақтау талабын айналып өту және солтүстіккореялық жұмысшылардың шынайы азаматтығын клиенттерден жасыру үшін" құрған деп топшылайды.

Вашингтон биыл маусымда Пхеньянмен тікелей диалог бастаған. Алайда, АҚШ Пхеньянның ядролық қару мен баллистикалық зымыран жасау бағдарламаларын тоқтату мақсатында халықаралық қауымдастық салған санкция режимін сақтау үшін Солтүстік Кореяға қысым жасауын тоқтатқан жоқ.

 

Дереккөз: azattyq.org

14 қыркүйек 2018, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.