Атырау, 25 сәуір 03:37
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Көршіге дейін ұзақ жол

2 270 просмотра


28 тамызда Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойды. Туыс өңірлер өнеркәсіптен спортқа дейін барлық салаларда ынтымақтасуға келісті. Дегенмен, бұған бұрын да еш нәрсе кедергі болмаған еді.

- Біздің Атырау облысымен ортақ нәрселеріміз өте көп – мұнайы мен ауа райы да ұқсас. Алайда бұған қарамастан, арамызда меморандум болмады, алыстан іздеп жүрдік,- дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы ТОҒЖАНОВ. – Бүгінде облысымыз еліміздегі ең ірі транспортты, логистикалық хабтардың бірі. Теңіз порттарын дамыту Қазақстан экономикасының дамуына үлкен қарқын береді.

Біздің әкіміміз Нұрлан НОҒАЕВ жақында президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалына берген оң бағасын атап өтсе, қонағымыз бесінші Каспий саммиті туралы айтып, сәл кейін әріптесіне осы шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

- Парламентте арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Исатай ауданында осындай аймақ салу үшін алдын ала жер учаскесін дайындап қойдық. Тәжірибе алмасу үшін Түркияда болдық, олардың индустриялық аймағынан біздің нарығымызға 35-40 кәсіпорын келуге ниет білдіріп отыр,- деді Нұрлан Ноғаев. – Сонымен қатар бізде қазір мұнай-химиялық кластерге арналған арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп тұр.

Әрине, Ақтаудың бізге жақындағаны жақсы жаңалық, алайда енді екі көрші өзекті болған «Атырау-Маңғышылақ» теміржол бағытын түзеу керек шығар. Бауырларымызға тозығы жеткен отарбамен бару ыңғайсыздау енді.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

29 тамыз 2018, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.