Атырау, 19 сәуір 11:27
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы 27 тамызда күшіне енеді

1 829 просмотра



Ұлыбританияда АҚШ-тың Ресей экс-тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына байланысты Ресейге салған жаңа санкциялары 27 тамызда - Федералдық реестр сайтында жарияланған уақыттан бастап күшіне енеді. Бұл туралы ТАСС және РИА "Новости" агенттіктері АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап хабарлады. Бұған дейін санкциялар 22 тамызда күшіне енеді деп хабарланған.

"Химиялық және биологиялық қаруларды бақылау туралы заңда көрсетілген санкция туралы ескерту мерзімі 22 тамызда аяқталған. Федералдық реестерге санкцияны күшіне ендіру туралы ескертілді. Жаңа санкциялар 27 тамызда күшіне енеді деп жоспарланған", — деді мемлекеттік департамент өкілі.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 8 тамызда жариялаған санкция бойынша, Ресейге азаматтық және әскери мақсатта бірдей қолданылатын өнімдер мен АҚШ ұлттық қауіпсіздігі саласымен байланысты тауар және технологияны экспорттауға тыйым салынады. Бұған қоса, Ресейге мұнай-газ саласына қатысы бар электроника, технология мен қосалқы құрылғылар жеткізуге де шектеу қойылады.

Мәскеу химиялық және биологиялық қару қолданбауға кепіл бермеген жағдайда, санкцияның екінші кезеңі бірнеше айдан соң күшіне енеді. Ол кезде "Аэрофлот" компаниясы ұшақтарының АҚШ-қа ұшуына тыйым салынып, екіжақты сауда-саттық көлемі азайтылмақ.

Вашингтон жариялаған санкцияларға байланысты рубль құны қатты түсіп кетті.

 

Дереккөз: azattyq.org

24 тамыз 2018, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.