Атырау, 24 сәуір 18:33
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

БАҚ: Британ соты Ілияс Храпуновты "БТА банкке" қаржы төлеуге міндеттеді

2 512 просмотра



Ұлыбритания Жоғарғы соты Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпуновты қазақстандық "БТА банктің" пайдасына 500 миллион доллар төлеуге міндеттеді. Бұл туралы америкалық Newsweek басылымы хабарлады.

Сот Ілияс Храпуновты "БТА банктің" бұрынғы басшысы, қазір шетелде тұратын Мұхтар Әблязовпен астыртын сөз байласып, оған "алты миллиард доллардан астам қаржы жымқыруға көмектесті" деп айыптады.

Сот дерегінше, қаржының бір бөлігі АҚШ президенті Дональд Трампқа жылжымайтын мүлік бизнесі арқылы қитұрқы жолмен жымқырылған болуы мүмкін.

Алматының бұрынғы әкімі, Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, 69 жастағы Виктор Храпунов қазір Швейцарияда тұрып жатыр. Храпуновқа және оның жақындарына Қазақстан билігі сыбайлас жемқорлық айыптары бойынша іздеу жариялаған.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Виктор Храпуновты, оның әйелі Ләйлә Храпунованы және "олардың сыбайласы" деп саналатын Айяр Ілиясовты бұған дейін бірнеше рет тергеуге шақыртқан, бірақ, олар келмеген.

 

Дереккөз: azattyq.org

 

24 тамыз 2018, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.