Атырау, 29 наурыз 04:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Талдықорғанда атыс шығарған ер адам ұсталды

2 080 просмотра


Талдықорғанда ойын-сауық кешенінде атыс шығарған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін аппарат жиналысы барысында Алматы облысы әкімі Амандық Баталов ІІД басшылығынан ойын-сауық мекемелерінің бірінде болған оқиға жайлы сұрады. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта күдіктінің ұсталғанын және травмат қаруы тәркіленгенін айтып, жауап берді", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, көңіл көтеру мекемелерінің жұмыс кестесі қайта қаралатыны айтылады. Бұл мәселе қала мәслихатының алдағы сессияларында қаралады екен. Еске салайық, сенбіге қараған түні Талдықорғанның үшінші ықшамауданының тұрғындары атыс естігенін хабарлаған. Оқиғаның видеосы қаладағы танымал пабликтердің бірінде жарияланды.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 тамыз 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.