Атырау, 29 наурыз 19:49
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Индонезияда әуе апатынан сегіз адам қаза тапты

1 854 просмотра


Индонезияның шығысында кішігірім ұшақтың әуе апатына ұшырау салдарынан сегіз адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости

Сенбіде Dimonim Air компаниясының жеке ұшағы Папуа провинциясынан өтіп бара жатқанда байланысқа шықпағаны туралы хабарланды. Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі мен жеті жолаушы болған, оның біреуі бала.  Агенттік мәліметінше, PAC750 ұшағы жексенбіде Папуа провинциясындағы Оксибил  округынан табылды. 

"Ұшақ бүгін таңертең табылды, сегіз адам қаза тапты, бір адам аман қалды", - деді Индонезия көлік министрлігінің өкілі Бамбанг Эрван. Агенттік мәліметінше, Папуа провинциясында географиялық орналасуына байланысты ұшақ апаты жиі болады екен. Іздеу-құтқару шаралары барысында қаза болған адамдардың денесі эвакуацияланды.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 тамыз 2018, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.