Атырау, 29 наурыз 14:55
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

3 080 просмотра

ГИМНАСТИКА


Ақтауда көркем гимнастика бойынша «Шағала» халықаралық турнирі өтті. Олимпиадалық резервтегі орталықтың шәкірттерінен құралған команда шеңбермен топтық жаттығуларда екінші орынды иеленді.

Олар - Эльнара Нұршаева Аягөз Романова, Айнара Мәжит, Аягөз Сайран және Аяжан Аралбай. Бұдан басқа, атыраулық гимнастшылар жеке жарыстарда алтын және күміс алқаларға ие болды.


КАРАТЭ

«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде Ресей, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Түркіменстаннан 300-ден астам спортшы қатысқан «WKF Mangystau Open 2018» халықаралық турнирі өтті.

Атыраулық спортшылар бұл сайыста қоржындарына көп алқа салды: «алтын - Бейбарыс Жаңбыр, Бекзат Руслан, Айна Әзизова, Дамир Нұрберген, Сергей Тё, Бекзат Руслан, Санжар Мұқан, Нұрсұлтан Қалиев пен  Нұрбек Кенжебай; «күміс» - Вячеслав  Хороших, Карина Крешнёвская және Жаннетта Мұхитова; «қола» -  Әнес Меңдібай,  Никита Астраханкин, Жалғас Ұлмекен, Айнұр Мақсотқызы.


ТАЕКВОНДО

Ақтауда таеквондо бойынша өткен ҚР Кубогында атыраулық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.  

Керугиде (жекпе-жек) алтын алқаны Бейбарыс Нұрбаев, Алмас Меллатов пен Майра Сүйенбекова, күміс алқаны - Үмбет Шакиев пен Айдана Еділбаева, қола алқаны - Сағдат Жолдасбаев, Айгүл Елубай, Анажан Исатаева мен Жадыра Хайрулина алды.

Пумседе (формалды кешен) Қабибек Мұхитов, Айдана Махимова және Ғизат Салиховтың еншісіне алтын алқа, Айнұр Сұлтанованың еншісіне күміс алқа бұйырды.

9 тамыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.