Атырау, 24 сәуір 07:36
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Нан алуға жетеді - 3

1 729 просмотра


«ҚазТрансГаз Аймақ» филиалы мен «Атырау Су арнасы» КМК-дан кейін Табиғи монополияларды реттеу департаменті «Жылыой су» КМК-нен 51,5 млн теңге көлеміндегі негізсіз табысты анықтап, нәтижесінде монополистке 1 қыркүйектен бастап бір жыл мерзімге тарифтерді төмендетті.

Осы уақыт ішінде Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентінің тұрғындары жылу бойынша 2459,2 теңгенің орнына 1 Гкал үшін 2443,03 теңге, су бойынша - 157,74 теңгенің орнына 149,43 теңге және кәріз бойынша - 1 текше метрге 87,09 теңгенің орнына 71,89 теңге төлейді. Сонымен қатар, «Астрахан-Маңғышлақ» магистральды құбырының тұтынушыларына су беруге арналған босату тарифтері айтарлықтай төмендеуі мүмкін, бұл тізімде «Жылыой су» КМК де бар. Мәселе мынада, монополияға қарсы қызметтің астаналық кеңсесі құбыр иесі боп табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қызметіне ішінара тексеру жүргізіп, 1 млрд 41 млн теңгеден астам негізсіз табыстарды анықтады. Осы қаражатты ағымдағы тарифті төмендету арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына қайтару туралы бұйрық шығарылды.

Осы қаражатты қолданыстағы тарифті төмендету арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына қайтару туралы бұйрық шығарылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі бұйрықтың шығу фактісін растап, компания оған сот тәртібімен наразылық білдіретінін хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 тамыз 2018, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.