Атырау, 10 сәуір 19:02
 ашықВ Атырау +16
$ 433.15
€ 515.06
₽ 5.61

"Жүргізуші куәлігі үшін 20 мың теңге?" ІІМ жауап берді

2 010 просмотра


Мессенджерлерде жүргізуші куәлігін айырбастау үшін мемлекеттік баждың көтерілгені туралы мәлімет тараған болатын. Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж көлемінің артқаны туралы жалған ақпаратты полиция теріске шығарды.

Бұдан бұрын WhatsApp мессенджерінде жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж сомасының артқаны туралы ақпарат тараған болатын. Хабарламада айтылғандай, бұл мемлекеттік қызмет үшін салық көлемі 20 мың теңгеге жетіпті-міс.

Әкімшілік полиция комитеті бұл ақпаратты жалған деп атап, мемлекеттік баждың өзгермегенін мәлімдеді.

"Мемлекеттік баж айлық есептік көрсеткіштің (2018 жылы 1 АЕК = 2 405 теңге) 125 пайызын құрайды, яғни 3006,25 теңге", — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен бірге аталып өткендей, жүргізуші куәлігін алмастыру үшін арнайы ХҚКО-ға кез келген уақытта баруға болады. Құжат мерзімі өтіп кетсе, қосымша медициналық тексеруден өту керек. Бірақ жол жүру ережесі туралы білімін тексеретін сынақты қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Дереккөз: sputniknews.kz

10 шілде 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.