Атырау, 19 сәуір 14:44
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қазақстанда 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін

2 171 просмотра


Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алқа отырысы барысында бас прокурор ведомствоның қылмыстық саясатты гуманизациялауға бағытталған заң жобасы жасалғанын мәлімдеді. 

"Қоғамдық жұмыстар, 260 қылмыс құрамы бойынша бостандықты шектеу енгізіліп жатыр. Айыппұл сомасы төмендеп, 36 құрам бойынша бостандықтан айыру мерзімі азайып жатыр, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тарту мерзімі 5 жылға қысқарды. Бұл сотталған бес мың адамды босатуға жол береді. Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайду бойынша жұмыс жалғасады", - деді Қожамжаров. 

Бас прокурор ұсталғандар мен қамауға алынғандардың азайып жатқаны бақыланып отырғанын хабарлады.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 шілде 2018, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.