Атырау, 28 наурыз 21:50
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Зариф: Ядролық келісім бұзылса, Иран ауыр зардап шегеді

1 599 просмотра


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф ирандық бизнесмендерге 2015 жылы жасалған ядролық келісімінің бұзылуының Иранға тигізетін салдары "өте қауіпті" болатынын мәлімдеді.

"Келісімді жалғастырып, я тоқтатып тастай аламыз. Бірақ біз келісімнің күйреуінің өзіміз үшін салдары ауыр болатынын түсінуіміз керек" деді Зариф Тегеранда 24 маусымда Иран сауда-өнеркәсіптік палатасында кәсіпкерлермен өткен кездесуде.

"Бұл [Иран саяси] жүйесінің таңдауы емесі анық" деді Тегеранның әлемдік алты державамен келісім жасасуына септескен Зариф.

Иран сыртқы істер министрі келісім күші жойылғаннан нақты қандай зиян шегетінін айтпады, бірақ ол Иранның саяси тұрғыдан оқшаулануына әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

АҚШ президенті мамырда Вашингтон ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеген. Трамп келісім шарттарына көңілі толмайтынын, Иранның баллистикалық зымырандар сынауын тоқтатпағанын және Таяу Шығыстағы содырларды қолдауын тоқтатпай отырғанын айтқан.

Иран аймақта бүлікшіл топтарды қолдағанын жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта ғана қолданылатынын мәлімдеген. Ал келісімге қосылған Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай және Ресей одан шықпайтынын мәлімдеген.

Бірақ, Иранмен бизнес жүргізсе АҚШ санкциясына ілігуден сескенген көптеген компания Ираннан кетіп қалған.

Иран қазір Еуропа Одағы басшыларымен және басқа да ресми өкілдерімен келісімді сақтап қалу үшін келіссөз жүргізіп жатыр.

Дереккөз: azattyq.org

25 маусым 2018, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.