Атырау, 19 сәуір 14:12
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ҚТЖ пойыз апатынан қаза тапқан баланың отбасына өтемақы төлейді

1 674 просмотра


Жарақатының ауырлығына байланысты зардап шеккен жолаушылар да өтемақы алады. Қаза тапқан Алексей Малиневтің отбасына  "Қазақстан темір жолы" компаниясы өтемақы төлейді, деп хабарлады ҚТЖ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев Шу қаласындағы брифинг барысында.

"ҚР заңнамасы бекіткен өтемақыдан бөлек, "Қазақстан темір жолы" компаниясы қаза тапқан баланың отбасына 2 миллион теңге қаражат беруге шешім қабылдады. Зардап шеккен жолаушылар да жарақатының деңгейіне байланысты 500 мың теңге мен 1 миллион теңге арасында өтемақы  алады", — деп мәлімдеді Алпысбаев.

Жексенбі күні Жамбыл облысы Шу ауданында Астана – Алматы пойызының сегіз вагоны аударылған. Пойызда болған 829 жолаушының біреуі қаза тапты.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 маусым 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.