Атырау, 18 сәуір 07:18
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Қытайда ШЫҰ саммиті басталды

2 244 просмотра


Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. Бұл жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Саммит ШЫҰ-ға мүше елдірдің басшыларын қарсы алудан басталды. Ары қарай кеңес отырысына ұласты.  Отырыс қатысушыларын қарсы алған ҚХР басшысы Си Цзиньпин Шанхай ұйымы Үндістан мен Пәкістанның мүшелігінен кейін күшейе түскенін атап өтті. 

"ШЫҰ басшыларының Кеңесіне алғаш қатысып отырған Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди мен Пәкістан президенті Мамнун Хусейн мырзаны, сонымен бірге, Кеңеске қосылған Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековке қош келдіңіздер дегім келеді. ШЫҰ ұлғайғаннан кейін мұндай форматтағы отырыс алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл тарихи саммит", - деді Қытай басшысы.  

Оның сөзінше, әлемдік қауыдастықтың назары ұйымға көбірек түсе бастаған. 

"Біз аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамассыз етуде, оның дамуы мен гүлденуіне жауапкершілігіміз артып отыр", - деп жалғастырды Си Цзиньпин.

Саммиттің негізгі құжаты Циндон декларациясы болмақ. Сонымен бірге, есірткінің алдын алу, сауда және көлік саласындағы арақатынастық, туризм және қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелер талқыланатын болады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

10 маусым 2018, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.